ЖЕТІ САНЫ
Жеті дегеніміз - жеті кат тозақ:
1. Ауһия.
2. Хатима.
3. Сақи.
4. Сағыр.
5. Ләззуа.
6. Жаһим.
7. Жаһаннам.
Иманның бұлжымас шарты жетеу:
1. Ғайыпқа илану.
2. Адалды адал деп илану.
3. Арамды арам деп илану.
4. Әрқашан Алладан қорқу.
5. Тәкаппар болмау, мақтанбау.
6. Алланың рахымынан әрқашан үміт үзбеу.
7. Мұсылманды және кәпірді парықтау.
Жұма намазының бірінші шарты жетеу:
1. Ер адам болу (қос жынысты болмау).
2. Еркін, басы бос болу.
3. Тұрақты тұрғын болу.
4. Дені таза болу.
5. Көзі сау болу.
6. Аяғы сау болу.
7. Қастандықтан ада болу.
Ораза мәкруы жетеу:
1. Бір нәрсенің дәмін татып көру.
2. Зәруілсіз бір нәрсені тіске басу, шайнау.
3. Сағыз шайнау.
4. Әйелді сүю.
5. Әйелге асылу.
6. Түкірікті ауызға жинап жұту.
7. Қан алдыру.
Жеті шәріп:
1. Мекке шәріп.
2. Мәдина шәріп.
3. Бұхар шәріп.
4. Шам шәріп.
5. Қатым шәріп.
6. Құддыс шәріп.
7.Кәләм шәріп (Құран)
Жеті ата:
1. Бала.
2. Әке.
3. Ата.
4. Ұлы ата.
5. Баба.
6. Түп ата.
7. Тек ата.
Жеті қазына:
2. Ит.
3. Бүркіт.
4. Ат.
5. Садақ.
6. Кездік.
7. Қазан.
Жеті күн:
1. Бүгін.
2. Ертең.
3. Бүрсікүні
4. Арғы күн.
5. Ауыр күн.
6. Соңғы күн.
7. Азына (Жексенбі)
Жеті әліп:
1. Мандайы жарыла қуану.
2. Ашылмас әліп.
3. Екі бүйірінен қысу.
4. Маңдайы қарысу.
5. Айтқаны айнымай келу.
6. Қарғысы тию.
7. Алысқанын жеңу, бағы өрлеу.
Жер бетіндегі жеті жоқ:
1. Күйеудің қайын жұртқа батасы жоқ.
2. Иттердің сыйласатын атасы жоқ.
3. Жылқыда өт жоқ.
4. Құста сүт жоқ.
5. Суда сүйек жоқ.
6. Желде тиек жоқ.
7. Таста тамыр жоқ.
Жеті қат көк
1. Зеңгір аспан немесе Алды аспан (Рафига).
2. Қара аспан (Арфигон).
3. Мәр-мәр аспан немесе Мор аспан (Қаладым).
4. Көк аспан немесе Торғын аспан (Маһан).
5. Жұлдызды аспан немесе Жарық аспан (Лумунан).
6. Озон аспан немесе Қал аспан (Фану).
7. Шар аспан немесе Бұлт аспан (Арона).
Жеті қат жер:
1. Қақтас.
2. Жыланшар.
3. Сушар.
4. Қоспалышар.
5. Тақтасшар.
6. Көкөгіз (бушар).
7. Жершар (топырақшар)
Болат Бопайұлы Жота Қажы
Пікір 2