Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘР ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІСІНІҢ ЕҢ КӨП АЙТАТЫН ӨТІРІГІ

ӘР ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІСІНІҢ ЕҢ КӨП АЙТАТЫН ӨТІРІГІ

Тоқты (21 наурыз– 19 сәуір)

«Менде бәрі де дұрыс»
Сіз өзіңіздің ішкі сезіміңіз туралы жаныңыздағыларға ылғи да өтірік айтасыз. Өйткені әлсіз болып көрінгіңіз келмейді. Сіз үшін күшті, сенімді әрі батыл болғанның маңызы жоғары. Тіпті кей кездері ішіңіз алай-дүлей болып жатса да, сыртқа сыр бергіңіз келмейді. Сондықтан да бет-әлпетіңізден әбіржуді байқатпайсыз. Ерекше адамның келбетін жасап алғыңыз келеді.

Торпақ (20 сәуір – 21 мамыр)

«Мен өтірік айтып тұрған жоқпын!»
Сіз өз ұстанымызды берік ұстаған жансыз. Айналаңыздағыларға өзіңізді сондай тәкаппар ретінде көрсету сіз үшін маңызды. Сіз үнемі дұрыс жолды таңдайтын адамның кейпін ұстанғыңыз келеді. Алайда мінсіз адам жоқ екенін біліңіз. Кей кездері алаңсыз өтірік айтуға тура келеді. Оны да сезіктеніп, өтірік айтып тұрмадым дейсіз тағы.

Егіздер (22 мамыр – 21 маусым)

«Мен сізге өзім хабарласамын»
Бұл сіз үнемі қолданатын жалған сөз. Біреуге хабарласу не жазу керек болғанда сіз сондай сенімді адам емессіз. Телефон тұтқасымен сөйлесуге жоқсыз....Бұл жердегі әңгіме технологияны пайдалана білуге қатысты емес...

Шаян (22 маусым – 22 шілде)

«5 минуттан кейін шығамын»
Бұл өтірік адамзат тарихындағы адамды мезі қылатын қырық өтіріктің бірі. Және бұл сөзіңізді бәрі де біледі. Уақытында келер деп ешкім сізді күтпейді де. Сіздің бір жаққа баруға ешқашан зауқыңыз соқпайтыны және бар. Бәлкім, өз сәтіңізді бағалай білетін жандардың қатарынансыз...

Арыстан (23 шілде– 22 тамыз)

«Бұл ештеңе емес»
Бұл өтірік, арыстан үшін жай нәрсе болмайды. Түймедейді түйедей етіп жібересіз. Өз еңбегіңізді де үлкейтіп айтқанды тәуір көресіз. Ал өзгелердің еңбегі сіздің жаныңызда байқалмай да жатады.

Бикеш (23 тамыз – 22 қыркүйек)

«Мен бәрін түсінемін»
Жоқ, сіз негізінде ештеңені түсінбейсіз. Мұны тәкаппарлықтан білмей жатасыз, бәлкім. Жаныңыздағылардан ақылдымын деп өзіңізді есептейтін жансыз. Кейде қиындыққа тап болғанда, қиналғаныңызды білдіргіңіз келмей жатады. Әрдайым бәрін білетін, бәрін түйсінетін жан секілді жүруге тырысасыз, талпынасыз.

Таразы (23 қыркүйек– 22 қазан)

«Мен ешкімге айтпаймын»
Мұның өтірік екенін бәріміз де білеміз. Сіз өте ақкөңіл жансыз және өзгелерге тез ұнап жатасыз. Адамды ерекше тартып тұрасыз, мұның өзі де жақсы қасиет. Алайда адамдар сізге өз құпиясын сеніп тапсырмауы тиіс. Өсек дегенде жаныңыз қалмай, кейде не айтып не қойғаныңызды білмей қаласыз.

Сарышаян (23 қазан – 22 қараша)


«Сені әйтеуір бір күні кешіремін деп ойламаймын.»
Иә, ол мінез табиғатынан бар сізде. Алайда сізді кешіруге қабілетсіз деп санауға келмес. Ренжіп, ашуланып, тіпті кек алу жоспарын да құрып үлгересіз. Алайда уақыт өте келе дауыл басылады. Және де бәрін осылай қоя салу керектігін түсінетін боласыз.

Мерген (23 қараша– 21 желтоқсан)

«Бәрін қазір істеп тастаймын!»
Көбіне көп істемейсіз. Бәрі де бұл әдетіңізден хабары бар. Бәрін кейінге қалдырғанды ұнатасыз. Өзіңізге сеніп тапсырылған жұмыстың маңыздылығы түсіне қоймайсыз. Сол себепті де кейінге қалдырасыз, не тіптен істемейсіз.

Тауешкі (22 желтоқсан – 20 қаңтар)

«Күлмеймін деп уәде беремін»
Сіз әрдайым айналаңыздағы адамдардың сізді аяғанын қалайсыз. Бұл сіздің табиғатыңыз. Сіз оларды айтып қойса да өкпеймін деп айтып отырасыз. Алайда бұл сіздің олардың сеніміне кірудің бірден-бір жолы. Бұл орындалған кезде ішек-сілеңіз қатып күліп алатыныңыз да бар.

Суқұйғыш (21 қаңтар – 18 ақпан)

«Бұл қалжың болған»
Жоқ, қалжың емес. Бар болғаны, сіз айналада не болып жатқанын білмейсіз және де не айтып, не істегеніңізді түсінбей қаласыз. Көңіл-күй жағынан аса дамымағансыз, бұл қылаң беріп тұрады. Сіздің ойыңыз бен әзіліңізді көп адам түсіне бермейді. Бар болғаны, айналаңыздағы адамдардың сізбен қызық болғанын қалайсыз.

Балықтар (19 ақпан – 20 наурыз)

«Мен тек жеп алайын»
Осы тістеудің өзі бәрін жегендей әсер беретіні анық. Бұл сіздің белгіңізге тән. Бұл тек қана тамаққа қатысты емес. Бастапқыда байқап көргіңіз келеді, жақсы екенін ұққаннан соң сізді тоқтату қиынға соғады.

reactor.inform.kz
14 желтоқсан 2018 ж. 700 0