Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Астанада жаңадан туылған нәрестелер арасында ең танымал есімдер анықталды

Астанада жаңадан туылған нәрестелер арасында ең танымал есімдер анықталды

Астананың АХАТ статистикасы бойынша жаңадан туылған нәрестелер арасында ең танымал есім – Әлихан мен Медина болған.

Қаңтар-қазан айларында Қазақстан астанасында 27 998 бала жарық дүниеге келді, деп хабарлайды Today.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Астананың АХАТ статистикасы бойынша жаңадан туылған нәрестелер арасында ең танымал есім – Әлихан мен Медина болған. Осы жылы 289 баланы Әлихан деп атаса, 387 қызды – Медина деп атаған. 

Ең кең тараған есімдердің ондығына ұл балалар арасында Әмір, Әли, Айсұлтан, Арлан, Алан, Санжар, Алдияр, Ерасыл және Мансұр кіреді. 
Қыздар арасында Айзере, Айлин, Әмина, Айша, Раяна, Айару, Аяла, Сафия және Айша есімдері көбірек қойылыпты. 

today.kz

06 желтоқсан 2018 ж. 1 355 0