Сұлу болу жолындағы қулықтар

Зәйтүн майының құрамында пайдалы элементтер өте көп. Оны тағамның қоспасы ретінде ғана емес, жуынуға арналған сүтше ретінде де қолдануға болады. Бет бояуын кетіруге арналған өнімдердің құрамында май болғандықтан, ол косметиканы лезде әрі еш қиындықсыз өшіре алады. Егер сіз сумен қатар зәйтүн майымен шайынсаңыз, теріңіз тазарып қана қоймай, нәзік бола бастайды.

Кофе сүзгіш – кофені тазартуға арналған қағаз іспеттес құрал. Егер үйде немесе кеңседе отырғанда теріңіз жылтырай бастаса, бетіңізді осы қағазбен сүртіңіз. Бұл бет жылтырына қарсы майлықтардың орнын басатын, таптырмас шешім.

Егер сіз әтірді білек тұсқа себуді ұнатсаңыз – бұл сізге арналған қулық. Әтірді қолданбас бұрын білегіңізге вазелин жағып қойыңыз. Пайда болған майлы негіз иістің ұзақ сақталуын қамтамасыз етеді.
syrlasu.kz