Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰЛТТАР ЖАРАСЫМДЫЛЫҒЫ

ҰЛТТАР ЖАРАСЫМДЫЛЫҒЫ



«Көз – жанның айнасы, тіл – қоғамның айнасы» деп Жюль Ренар айтқандай, қашанда ұлтымыздың биік тұғыры саналатын ана тіліміздің мәртебесі қашанда жоғары. Қоғам болып руханиятымыздың қайнар көзін сақтауда аянбайтынымыз хақ. Осы орайда ауданда жыл көлемінде біршама шаралар легі жалғасын тапты. Жақында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Мирас» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тіл шебері – 2018» тақырыбында өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен қолөнер сайысы өткізілді.
Шара барысында өзге ұлт өкілдері қазақ тілінің жоғарғы дәрежеге көтерілуі жолында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар шұрайлы, көркем тіліміздің маңызды тетіктерін тілге тиек етті. Қазақ ұлтының нағыз қайсар болмысын айшықтайтын тілі мен қолөнері бір-бірімен сабақтасып жатқандығын жеткізді. Өз кезегінде өзге ұлт өкілдері қолөнер сайысында бақтарын сынады. Түрлі бұйымнан жасаған туындысын таныстырған олар өзіндік шеберліктерін ортаға салды. Сайыс қорытындысында әділқазылар шешімімен жүлделі ІІІ орынды И.Волкова, ІІ орынды А.Кокшарова, І орынды Е.Мясцова иеленді.

14 қараша 2018 ж. 968 0