Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЛАЛАР ҚАНДАЙ ЗАТТАРДЫ ЖҰТЫП ҚОЯДЫ

БАЛАЛАР ҚАНДАЙ ЗАТТАРДЫ ЖҰТЫП ҚОЯДЫ


Астанадағы №2 қалалық ауруханада «Балалар жұтып қойған бөгде заттар» тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дәрігерлердің айтуынша, көбінде 5 жасқа дейінгі балалар әрдеңені жұтып қоя береді. Дегенмен, ауруханаға 15 жастағы жасөспірімдер де түсіп жатады. 
Бір жаманы, зардап шегуші балалар саны жыл санап артып келеді. Өткен жылы осындай 159 жағдай кездессе, биылғы 10 айдың өзінде осынша бала ем іздеп, ауруханаға жүгінген. Балалар көп жағдайда ұсақ тұрмыстық заттарды, ойыншық бөлшектерін жұтып қояды. Бірақ оның ішінде батарейка, магнит, шеге секілді өткір әрі қауіпті заттар да кездеседі.
https://aqmeshit-aptalygy.kz/
08 қараша 2018 ж. 1 079 0