Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сүтке су қосқан әйелдің басына келген бәлекет

Сүтке су қосқан әйелдің басына келген бәлекет


Ертеректе бір әйелдің жалғыз ғана сиыры болыпты. Жалғыз сиырының сүтін сауып ішіп, артылғанын сатып күнделікті қажет нәрселерін алыпты. Сүт аз шығатындықтан сүтке су қосып көбейтіп көзбояушылық жасайды екен. Сөйтіп азға қанағат етпей, ақшаға құнығып, арамдықты кәсіпке айналдырып жүре береді. 

Күндердің күні қатты жел тұрып, жер-жердің бәрін су басады. Өзен аңғарларының бәрі толып жатқанда, сүтші әйелдің сиыры толассыз аққан сумен бірге ағып кете барыпты. 

Сүтші әйел жалғыз сиырынан айрылғанына қатты өкініп, жылай-жылай екі көзі ісіп кетеді. Анасының зарлап жылағанына шыдай алмаған кенже баласы: 

-Апа, неге сонша жылайсыз? Сіздің қаншама жылдан бері сүтке қосқан суыңыз сел болып, ақыры сиырды ағызып кетті, -депті. 
(Хикметтер қазынасы кітабынан)
06 қараша 2018 ж. 774 0