Өзгенің ойын оқуға қабілетті 3 жұлдызнама белгісі: олар нағыз телепаттар
Адамның не ойлайтындығын үнемі білгіміз келетіні айқын. Оның басының ішіне кіріп, жағдайды анықтап, күлкісінің астарында не жатқанын ұғу керек пе? Ол шынайы ма? Немесе сізді алдау ойында бар ма? Кейбір жұлдызнама белгілерінде туғаннан телепатиялық қабілеттер бар. Алайда олар өз бойында мұндай қабілеттің барын білмеуі де мүмкін.
Телепатия – бізге түсіну де, түйсіну де қиынға соғатын ерекше құбылыс. Өйткені бізге көрмеген нәрсеге сену өте қиын. Бірақ әрқайсысымыздың өмірімізде телепатиямен бетпе-бет келген жағдайлар ұшырасқан болар.
Егер сіз бір адаммен ұзақ тұрсаңыз, оның не ойлайтынын сезе бастайсыз. Тіпті ол адам өз сезімін жасырған күннің өзінде де сіз сезетін боласыз.
Немесе кейде бейтаныс адаммен кезіккенде оның сізді ұнатпағанын немесе жылы қабылдағанын сезесіз.
Мұндай қабілет кейбір жұлдызнама белгілерінде анығырақ көрінеді. Бұл қасиет оған тумысынан дарыған, алайда оны дамытпаса өшіп, тереңге кетері анық.
Сарышаян
Бұл белгі барлық дерлік түсіндіруді қажет ететін дүниелерге тән. Өзі бар күшімен бұны жоққа шығарса да сарышаянның өмірінде мистика мен шынайылық астасып жатыр.
Ол өз өміріндегі ерекше жағдайларды болмашы нәрсе ретінде әңгімелеп бере алады. Алайда оның мистикалық қабілетінен қашып құтылу мүмкін емес.
Адаммен бірінші танысқан кезде, скорпион құдды бір сканер секілді. Ол ойланбастан қарсы алдындағы адамды жан-жақты тани түседі.
Мұны біз бірінші таңқалыс деп те айта аламыз. Алайда сарышаянда бұл ақпарат көп жағдайда жалған болмайды. Егер өзінің ішкі даусына мән берсе, сарышаян қарсы алдындағы адамның қандай екенін айта да алады. Оған сену керек немесе одан әрмен жүрген дұрыс.
Өзінің телепатиялық қабілетінің арқасында сарышаян адамдарды жақсы тани алады. Ең бастысы өз талантыңызды тұншықтырмай, жүрек үніне құлақ түру керек.
Мерген
Оның қабілеті әдайым бабында бола бермейді. Ол болған күннің өзінде мерген бұл қабілетке өзі де барынша таң қалары белгілі.
Бұл жұлдызнама белгісі табиғаттан күш пен ләззат алады. Таза ауада неғұрлым көп болса, соғұрлым энергиясы да көбірек болады. Мергендер үшін ұзақ уақыт бойы жабық кеңістікте болу қауіпті. Қалалық джунгли оны жабырқатып, табиғи сезімталдығын баса түседі.
Табиғатта болғаннан кейін, өзінің энергетикалық тепе-теңдігін қалыпты күйге түсірген соң, мергеннің қабілеті жандана түседі. Ол айналасындағыларға өзінің ойы мен сезімін ашып көрсете алады. Сәл ғана жымиып, бейтаныс адамды да өзіне қаратуы әбден мүмкін.
Ол адамға көзқарасымен, ойдың күші арқылы да махаббатын жеткізуге қабілетті. Өз бақытымен айналасындағыларға ешқандай сөзсіз-ақ бөлісе алады. Мергеннің ойлау жүйесінде жақсы дүниелер орын алып жатқан кездері оның ойының күші әрине шексіз.
Балықтар
Бұл белгінің бай ішкі әлемі шындықпен шектеліп жатыр. Өздерінің қиял-ғажайыптары мен армандарына Балықтар өздерінің энергиясының белгілі бір үлесін жұмсайды. Әрине, мұның бәрі де күнделікті өмірде көрініс табады.
Балықтармен жақсы телепатикалық байланыс туысқандарымен немесе жақсы білетін достарымен қалыптасады. Ол көбіне үндемейді, өзгелерді көбірек тыңдайды және адамдардың сезімдерін өзіне қабылдайды. Адамның бүкіл сезімін балықтар өз басынан өткергендей күй кешеді.
Қымбат адамның көңілін аулау үшін балықтарға сөз сөйлеудің еш қажеті шамалы. Бір көзқарасымен бар мән-жайды ұқтыра алады. Балықтың достығы қаншалықты ұзағырақ болса, соншалықты ол адамның ойын жете меңгере түседі.
Екі жылдан соң балық үшін жақын адам ашылған кітаптың бетімен тең. Мұндай жұптарда әңгімелесу ешқандай рөл атқармайды, бәрі де айтпаса да түсінікті.
Дереккөз: moimozg.ru

Пікір 2