Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Психологиялық тест: Күз бейнесінің бірін таңдап, қыркүйекте сізді не күтетінін біліңіз

Психологиялық тест: Күз бейнесінің бірін таңдап, қыркүйекте сізді не күтетінін біліңіз

1-ші картина

Қыркүйек айының алғашқы он күнінде ақша, жұмыс, табыс, түрлі қаржылық жобалар сіздер үшін өзекті тақырып болады. Осы кезеңде өнеріңізді айқын көрсете аласыз және өз ортаңыздың мақтанышына айналасыз. Барлық жаңа жоспарларды дәл осы айдың бірінші онкүндігінде іске асыруды қолға алыңыз. Себебі айдың екінші жартысы бұл үшін аса қолайлы кезең емес.Қыркүйек айының соңында назарыңыз жаңа эмоциялар мен әсерлерді іздеуге ауысады. Сіз адамдармен көп қарым-қатынас жасап, өзіңізді тәрбиелеумен айналысып, сапарға шығып қалуыңыз әбден мүмкін. Қыркүйек айы сіз үшін мансап, махаббат, қаржы тұрғысынан жетістікке жетуде оңтайлы болып тұр.

2-ші картина

Осы айда сіз барлық жағынан жарқырайсыз. Айдың бірінші жартысы алыс жоспарларды іске асыру үшін тамаша уақыт болмақшы. Жақын болашаққа арналған жоспар, қажет нәрселер және жүзеге асырғыңыз келген мақсаттарыңызды іске асыру үшін міндетті түрде әрекет етіңіз. Егер жоспарыңызды орындау жолында әрекет етсеңіз бәрі міндетті түрде орындалады. Қыркүйек ортасында осы дүниеге деген көзқарасыңызды өзгерте алатын, өміріңіздің кейбір салаларына әсер ететін қиын жағдай орын алуы мүмкін. Өзіңізді таптап тастамас үшін тәуекел етпеңіз. Қыркүйек айында қиындықтарға қарамастан, өзіңізді сенімді және толыққанды адам ретінде сезінесіз.

3-ші картина

Қыркүйек айының бірінші жартысында айналаңызды әдемі заттармен қоршайсыз. Жағымды адамдармен араласуға тырысып, ауыр сәттерден аулақ боласыз. Айдың бірінші жартысы жұмысқа орналасуға, қызмет саласын өзгеруіге қолайлы кезең болады. Осы айда жұлдыздар мансаптық жарыста біраз уақыт шетте қалуға кеңес береді. Жоспар жасаңыз, жаңа жобаларды іске асырыңыз, бірақ өміріңізде болған барлық нәрселерге өте мұқият болыңыз. Айдың соңында беделіңізді арттырып, жаңа өкілеттіктерге ие бола аласыз.

4-картина 

Бұл ай шағын мәселелерді шешумен бірге басталады. Іскерлік шиеленіс айдың бірінші жартысында сізбен бірге жүреді. Айдың екінші жартысында басшылықпен қақтығыс, бизнеске қатысты кейбір кемшіліктер, жағымсыз жаңалықтар болуы мүмкін. Сондай-ақ, айдың екінші жартысы да күмәнді қаржылық операцияларға қатысудың қолайсыз кезеңі. Басқа адамдардың ақшаларына араласпаңыз. Айдың аяғына дейін күте тұрыңыз, сонда ғана қаржы мәселелерін шеше бастауға және шешуге болады.

5-ші картина

Айдың бірінші жартысында кәсіби өсуімен, әлеуметтік жағдайыңызды нығайтумен айналысыңыз. Осы айда достарыңызбен жақын адамдарыңызға ықпалыңыз арта түседі. Айдың бірінші жартысында шығындарыңыз табысыңызбен сәйкес келеді. Ал айдың соңында ойланбаған әрекеттерден аулақ болыңыз. Сондай-ақ, мамыр айының соңында сізді қосымша табыс күтіп тұр.

6-шы картина

Қыркүйек айында  сізге жұлдызды ай болмайды. Бұл айда керемет нәрсе күтпеңіз. Күздің алғашқы  айы жайлы болады. Айдың ортасына дейін шетелге кетуге қатысты сұрақтар туындауы мүмкін. Ал айдың соңында көп жұмыс істеп, қарым-қатынас, іскерлік мәселелерді шешесіз. Осы айдың ішінде сізді қаржы саласында айтарлықтай өзгерістер күтпейді. Қосымша кірісті айдың соңына қарай алуыңыз мүмкін.

Дереккөзі: "ПТ" топтамасынан
18 қыркүйек 2018 ж. 1 566 1

Lesengast от 16 маусым 2019 00:26
Buy Lexapro Online Australia Zithromax And Alcohol Interaction Buy Cialis Online Without Presciption voyages levitra Cialis 10 Mg Filmtabl Preisvergleich Cialis 10 Mg Wirkstoff Order Now Macrobid Website Cheapeast Free Doctor Consultation