Ұшықты қалай емдеуге болады?
Бір нәрседен сескеніп немесе жиіркеніп қалған кезде ұшық шығады. Медицина тілімен айтқанда вирустың иммунитетке қарсы әрекетінің нәтижесі. Оны кейде «герпес» деп те атайды. Грек тілінен аударғанда «бөртпе» деген мағынаны білдіреді. Оны безеумен шатастырып алатын кездеріміз де болады. Жоғарыда аталған вирус адам ағзасында ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Әсіресе, иммунитеті төмен адамдардың жағдайы қиын. Оның өзгелерге жұғу қасиеті бар. Сол себепті жеке бас гигиенасын қатаң түрде сақтаған абзал. Герпес вирусы көп жағдайда толықтай кетпейтіндіктен, оны төмендегі әдістерді пайдалана отырып толықтай емдеген жөн: 1. Құрамында докозанолы бар кремді қолданып көріңіз. Оны жарақаттанған теріге күніне 5 рет жағуыңызға болады. - Қандай мөлшерде қолдану керектігін инструкциясынан оқып біле аласыз; - Сертификатталған өнімдердің құрамында міндетті түрде докозанол (бегениловый спирт) болады; - Докозанол ауырсынуды басып, жайлылық сезімін сыйлайды; - Ауруды алғашқы белгілері көріне бастағаннан-ақ емдеген жөн. 2. Қан тоқтататын қарындашты пайдаланыңыз. Оның көмегімен жараланған терінің үстін күніне 2 рет сызыңыз. - Әдетте мұндай қарындаштармен кішігірім пышақтан алынған жарақаттарды емдейді. Ол терінің жылдам жазылуын қамтамасыз етеді; - Бірақ қарындашпен жараның үстін сызған кезде аздап күйдіретінін ескеріңіз. 3. Құрғататын құралдарды пайдаланыңыз. Ол үшін құрамында 70% медициналық спирті бар дәріні алуыңызға болады. - Жараның үсті құрғаған соң, бактериялар ішіне ене алмайтын болады. 4. Бөрткен жерлерін вазелинмен өңдеңіз. Оны жаққан кезде қолдарыңызды жууды ұмытпаңыз. - Жайсыздықтан арылу үшін вазелин немесе өзге де аналогиялық заттарды пайдалануға болады. Мұнымен қатар вазелин патогендік микроағзалардан қорғайтын жабынды іспетті. Альтернативті медицина 1. Бөрткен жерлерді ваниль сығындысымен сүртіңіз. Бұл әрекетті күніне 3 уақыт қайталаңыз. - Ванильдің құрамында ұшық инфекцияларына қарсы қолдануға болатын заттар бар; - Ванильдің 100% таза экстрактісін ғана пайдаланыңыз. 2. Теңіз тұзымен эксперимент жасап көріңіз. Оның көмегімен тамақты шайқап, артынша бөрткен жердің үстіне де жағуға болады. - Бөрткен жердің үстін теңіз тұзымен 30 минут бойы салмақ түсірмей сүрткен абзал. Артынша таза сумен шайып жіберіңіз. 3. Герпесті шәймен емдеңіз. Бұл үшін құрамында вирусқа қарсы заттары бар шәйді пайдалануға болады. - Қара, ақ және жасыл шәйдің құрамында вирусқа қарсы қабілетті танниндар бар. Бұдан өзге ағзаға аурумен күресуге көмектесетін антиоксиданттар кездеседі. - Жалбыз және түймедақ қосылған шәйлердің құрамында да осы секілді қасиеттер бар; - Бәрінен де шәйді ішкен жеңіл. Әрине, оның әсері бірден көрініс таппайды, алайда пайдасы бар. - Бөрткен терінің үстіне қалта шайларын қойыңыз. 4. Герпесті гемамелистің көмегімен емдеңіз. Оны да сұйық құрал ретінде мақтаның үстіне жағыңыз. - Ол бөрткен жерлерді құрғатып, жазылуды жылдамдатады. Оны бетіңізге жақпас бұрын шынтағыңызға жағып тексеріп алыңыз. Кей адамда аллергия болуы мүмкін. Рецептуарлы препараттар 1. Құрамында пенцикловиры бар крем сатып алыңыз. Оны бөртпенің үстіне 4 күн бойы 2 сағаттан жағыңыз. - Пенцикловирі бар кремдер жараның жазылуын жылдамдатып, ауырсынуды басады; - Кремді жақпас бұрын бетіңізді сабындап жуыңыз; - Оны бөрткен жерлердің барлығына жағыңыз; - Тек рецептісі бойынша ғана пайдаланыңыз. 2. Құрамында фамцикловирі бар препаратты табыңыз. Бұл антивирустық препаратты герпестің алғашқы белгілерінен бастап қолдану керек. - Емді неғұрлым ерте бастасаңыз, дәл солай жылдам жазылады; - Әдетте, фамцикловирдің кері әсері көп болғандықтан, оны соңғы сәтте ғана ұсынады; - Фамцикловирді өзге де герпес инфекцияларын емдеу үшін пайдаланады. Вирусқа қарсы күресе алмаса да, оның салдарын жақсы емдейді. 3. Ацикловирі бар крем сатып алыңыз. Оны бөртпенің үстіне 4 кұн қатарынан 5 реттен жағыңыз. - Бетті сабындап жуып, жараланған жерге кремді жағасыз; - Оны теріге әбден сіңгенше уқалаңыз; - Жарақаттың алғаннан кейін кез келген уақытта пайдалануға болады. Кеңестер - Салқын компресстер қышынуды басып, ауырсыну сезімін азайтады; - Ацетаминофен немесе ибупрофен сынды ауырғанды жылдам басатын дәрілерді қолдануға болады; - Денсаулығыңызды күтіңіз. Герпес – вирус әрекетінің нәтижесі. Бұған дейін пайдаланған гигиеналық далаптардан арылғаныңыз жөн. Көп ұйықтап, дәрумендерді көбірек жеңіз. - Алоэ гүлінің сығындысын бөртпенің үстіне жағыңыз.
Massaget.kz
Massaget.kz
Пікір 2