Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңақорғанда жасалғанына 123 жыл болған бесік бар

Жаңақорғанда жасалғанына 123 жыл болған бесік бар


Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық тарихи-өлкентану мұражайында жасалғанына 123 жыл толған бесік бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
  Ғасырдан астам тарихы бар құндылықты мұражай қызметкері Рахима Әбсаттарова өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында Бірлік ауылынан тапқан. Оны 1895 жылы Темірбек деген ұста жасаған көрінеді. Содан бері жарық дүние есігін ашқан нәресте үшін қасиетті бесік сыр бермей, сынын да жоғалтпай тұрған жайы бар.
  Айта кетерлігі, бесіктің жасалуында көптеген ерекшеліктер бар. Оған ешқандай шеге қолданылмаған екен. Олар ағаштың өзімен бекітілген. Бесік жиде ағашынан жасалған. Тербетілуі де жеңіл. Түбек салатын ойығы да бар. Жөргек жаятын бел ағашы да мықты екенін көзге көрініп тұр. Қолбау, тізебау, екі тартпасы да тоза қоймаған. Ол кезде шүмек қойдың асықты жілігінен жасалған. Оның айрықша ақ болуына да маңыз берілген. Сол мақсатта арнайы сүтке қайнатылып алынған көрінеді.

inform.kz
22 шілде 2018 ж. 989 0