Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бөлімшелерде алғыс тақтасы орнатылды

Бөлімшелерде алғыс тақтасы орнатылды

Сырдария аудандық ауруханасында 12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күні кеңінен аталып өтілуде. Арнайы апталық аясында аудандық ауруханаға қарасты барлық емдеу мекемелері мен бөлімшелерде алғыс бұрышы орналастырылды. Алғыс тақтасында науқас дертіне шипа дарытқан мейірбикелерге көпшілік ризашылығын білдіре алады.

Бұл дегеніміз – күні-түні адам жанына араша түсетін дәрігерлермен қатар орта буын мамандарына көрсетілген үлкен құрмет. Әріптестеріміздің мәртебесін көтере отырып, мереке мерейін сезіндіру – басты мақсат саналады. Толағай табыстарға қол жеткізген сала мамандары қай кезде де зор құрметке лайық.

03 мамыр 2026 ж. 164 0