СІЗГЕ ҚАНДАЙ ВИТАМИН ЖЕТІСПЕЙДІ?
Кейде адамның бірнеше уақыт бойы мазасыз күйге түсетіні бар. Ондайда адам қалжырап, тез шаршағыш болады, ұйықтай бергісі келеді, тіпті басы айналуы да мүмкін. Мамандар мұндай мазасыздықтың себебін ағзада витамин жетіспеушілігінен болатынын айтады. Ал ағзада қай витаминнің жетіспейтінін қалай білуге болады?
А витамині жетіспегенде тері құрғап, түрлі қабынулар пайда болады. Тамаққа тәбетіңіз болмай, түнге қарай көздің көруі нашарлайды және түйіліп ауыратын болады. Бұл Сіздің тамақ рационыңызда майдың аз болуының белгісі. Артық салмақтан арылу үшін қатаң диета ұстаған адамдарда көбіне витаминнің осы түрі жетіспейді. Себебі диета кезінде адамдар А витамині мен майларды жеуден бас тартады. Ал бұл витаминнің ағзаға майсыз сіңуі мүмкін емес. Мұндай жағдайда көкөністер мен ірімшік қосылған омлет жеген пайдалы. Оның қуаты аз, бірақ май жеткілікті. Сондай-ақ А витамині бауырда, сары майда, жұмыртқаның сарысында, қаймақта, балық майында болады.
Ағзада В витамині жетіспегенде аяғыңыз әлсірейді, есте сақтау қабілетіңіз нашарлайды, аяғыңыз бен қолдарыңыз жиі жансызданатын болады, жүрек шаншиды.
Ал В2 – рибофлавин жетіспегенде тері кедір-бұдырлы болып, безеу, ұшық, сыздауық сияқты жаралар жиі шығады, шаштың өңі кетіп, түсе бастайды.
Жаныңыз күйзеліске түсіп, шаршау байқалса, жиі тұмаурататын болсаңыз, ағзаңызда ВЗ немесе РР никотин қышқылы жетіспейтіні анық.
✅ Ұйқышылдық басса, басыңыз айналса, тері құрғаса, шашыңыз түссе В6-пиридоксин жетіспейді деп біле беріңіз.
✅ В9 – фолий қышқылы жетіспегенде тістің еті жиі қанайды, асқазан-ішек жолдары қабынады. Сондай-ақ аз уақытта жүдеу мен терінің түсі сарғыш тартуы да витаминнің осы түрінің жетіспеуінен болады.
✅ Қан құрамындағы эритроциттер төмен түссе, тілдің дәм сезуі нашарласа, көп шаршайтын болсаңыз, сонымен қатар ауа райы өзгергенде басыңыз ауыратын болса, денеңізде құмырсқа жүргендей сезінсеңіз сізге В12 – цианокобаламин жетіспейді.
* В витаминдер тобының жетіспеушілігі ағзаның жасушаларындағы азықтың аздығынан болады. Оның соңы ішек жұмыстарының бұзылуына әкеліп соғады. Бұл топтағы витаминдер ішекте сіңетіндіктен ішектегі кез келген проблемалар ағзадағы осы витаминдердің жетіспеуіне әкеліп соғады. Одан арылу үшін Сіздің азығыңызда жануарлардан алынатын өнімдер көп болуы керек, мысалы, жұмыртқа, бауыр, жүрек, сүт. Сол секілді В витаминдер тобын сәбіз бен капустадан және жасыл бұрыштан іздеуге болады.
✅ Егер ағзаңыздың инфекцияға қарсы тұру қабілеті төмендесе, сәл суыққа тоңғыш болсаңыз, ұйқыңыз бұзылса, ойыңызды жинақтай алмайтын болсаңыз, кейде тісіңіздің еті қанайтын болса, күндегідей тамақтанып жүргеніңізбен толып кетсеңіз, онда С витамині, яғни аскорбин қышқылы жетіспейді. Адам бойындағы жағымсыз әрекеттердің барлығы (жұмыстан қатты шаршау, түнгі ұйқының бұзылуы, тағы басқа) ағзада С витаминінің таусылуына әкеліп соғады. Никотин мен алкоголь де С витаминін азайтады. Оның орнын толтыру үшін киви жеңіз. Екі орташа киви бір күндік С витаминін береді. Егер цитрусты жемістерге аллергия болмаса, оларды көбірек пайдалану керек.
✅ Көзіңіз талып, көруі нашарласа, тіс эмалінде жарықтар пайда болса, жиі ашуланатын болсаңыз, буын-буыныңыз қақсаса, бұлшық етіңіздегі әлсіздікті сезінсеңіз, онда сізге Д витамині жетіспейді. Оған қыстың қысқа күнінде ағзаға керекті ультракүлгін сәулесін жеткілікті түрде ала алмайтынымыз себеп. Ал Д витамині жетіспегенде кальцийдің ағзаға сіңуі нашарлайды. Соның салдарынан Д витамині жетіспегенде сүйек жіңішкеріп, шаш жиі түсіп, тырнақ сынғыш болады. Егер күн көзіне шығуға мүмкіндік болмаса, терезенің алдында күн сәулесі түсетін орында отырыңыз. Жаздың күндері қауіпсіздік ережелерін сақтап күнге қыздырынып қоюға да болады. Ағзада Д витамині жеткілікті болсын десеңіз, аптасына екі рет бір порция (100 грамм) арқан балық (лосось) жеп тұрыңыз.
✅ Басыңыз қатты ауырып, тек дәрі ішкенде ғана басылатын болса, аяғыңыздың сіңірі тартылып ауырса, ызақор болсаңыз, тері босаңсыса, аяғыңыз бен қолыңызда қара дақтар байқасаңыз, жыныс мүшелеріңіз, бұлшық етіңіздің әлсіреуі, ұмытшақтық Е витаминінің жетіспеушілігінен болады. Антиоксидант ретінде Е витамині жасушаларды зақымданудан қорғайды. Сөйтіп біздің ағзамызды тез қартаюдан қорғайды. Е витамині қанның ұюынан сақтайды. Одан бөлек витаминнің бұл түрі көптеген тері ауруларын емдегенде өте пайдалы. Бір күнге керекті Е витаминін 1 ас қасық тұшымаған күнбағыс майынан да алуға болады.