Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақ басшысы еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісімен кездесті

Аймақ басшысы еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісімен кездесті

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыровпен, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкичпен кездесті. Кездесуде инвестиция тарту мәселесі талқыланды.

«Біз аймақтың экологиялық жағдайына ерекше мән береміз. Басты басымдықтардың бірі – Арал теңізінің экожүйесін сақтау, суды, соның ішінде трансшекаралық су ресурстарын тиімді басқару. Арал теңізінің апатты жағдайы тек өңірге немесе бір елге ғана емес, әлемге теріс әсерін тигізуде. Құм көшкінін тоқтатудың бірден-бір жолы – теңіз ұлтанын көгалдандыру, жергілікті климатқа сай өсімдіктерді егу. Бүгінде халықаралық қорлардың демеушілігімен Арал теңізінің құрғаған табанына сексеуіл егілуде.

Былтыр егін шаруашылығында су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемі 8100 гектарға жеткізіліп, 2024 жылмен салыстырғанда 2 есе артты. Шетелдік компаниялардың қатысуымен су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы жүгері, техникалық қарасора, соя дақылдарын егетін 3 ірі жоба жүзеге асуда.

Тағы бір маңызды бағыт, 2024 жылы ашылған, Орталық Азиядағы алғашқы геопарк атанған «Арал геопаркін» дамыту мәселесіне назар аударғым келеді. Бұл жоба өңірдің табиғи, тарихи, туристік әлеуетін дамыту арқылы орнықты экономикалық-әлеуметтік өсімге серпін береді.

Өткен жылы Қызылорда облысы «Арал геопаркін»

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік геопарктер тізіміне енгізу жөнінде өтінім берді. Арал өңірінде орнықты даму мен экологиялық туризмге бағытталған бастамаларды ілгерілетуде Еуро Одақтың қолдауына үміт артамыз»,– деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Айта кетейік, өткен жылы өңірге 774 млрд. теңгеден астам инвестиция, 9 айдың қорытындысымен 205 млн. АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды.

Экономиканы әртараптандыруда алдағы үш жылда 1 трлн. 900 млрд. теңгенің 48 инвестициялық жобасы іске асырылады. Биылға 100 млрд. теңгенің 21 жобасы жоспарланған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

20 ақпан 2026 ж. 130 0