Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде

Түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде

Аудан орталығында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түнгі рейдтік жұмыстар жалғасуда.

Рейд жұмысының  мақсаты – кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта жүруін болдырмау, қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу және жасөспірімдердің құқықтарының бұзылмауын қадағалау. Сонымен қатар масаң күйде жасалатын қылмыстар мен есірткі құралдарын пайдалану фактілерін анықтау бойынша жұмыс жасалды.Рейдтік іс-шара барысында жасөспірімдердің жиналатын орындары, ойын-сауық кешендері, дүкендер мен көңіл көтеретін орындардың аумақтары араланып, профилактикалық бағыттағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Рейд жұмыстарына «Сырдария жастары» еріктілер штабының жетекшісі мен Жастар Рухы жастар қанатының төрағасы және еріктілер қатысты.


20 ақпан 2026 ж. 49 0