Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

№ 5 газет

21 қаңтар 2026 ж.

№4 газет

17 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Ең ұзақ комада жатқан адам

Ең ұзақ комада жатқан адам

Әлемде талай қызық бар. Соның бірі ең ұзақ комада жатқан АҚШ тұрғыны – Эдуард O’Бара. 42 жыл комада жатып Гиннестің рекордтар кітабына «ең ұзақ комада жатқан адам» ретінде енген. Тек мұндай ақпарат қана емес, жалпы кома жайлы не білеміз? Кеңірек тоқталып өтсек.

Комада науқас толығымен ес-түссіз, көз ашпайды және қоршаған ортаға жауап бермейді. Тек қажетті аппарат арқылы өмір сүру ұзақтығы жалғасады. Бас сүйегі мен ми қыртыстары зақымдануы, түрлі улану жағдайлары, ауыр инфекциялар және тағы да басқа себептерден адам комаға түсуі мүмкін. Медицинада ақ халатты абзал жандар команы 3-15 баллды дәреже арқылы бағалайды. Анығын айтқанда, 13-15 балл болса жеңіл бұзылыс, 9-12 балл аралығы орташа деңгей, 8-дің әрі-берісі ауыр кома болса, 3 балл ең терең кома дәрежесіне жатады. Ең терең комада науқастың миының реакциясы болмайды.

Ал ұзақтығына келетін болсақ, көп жағдайда науқас бірнеше күн және апталардан кейін өмірі үзіледі немесе жарық дүниеге қайта келгендей күй кешеді. Сирек жағдайда айлап, жылдап жататын науқастар да бар. Соның бірі жоғарыда айтып өткен Гиннестің рекордтар кітабына енген АҚШ азаматы – Эдуард O'Бара. 15 663 күн яғни 42 жыл комада жатқан Эдуард O’Бара – 1970 жылы 16 жасында пневмония және диабет салдарынан комаға түскен. Өкініштісі, 2012 жылы комадан оянбай дүниеден өткен. Бұл медицина тарихындағы ресми тіркелген ең ұзақ кома. Бұдан кейінгі ұзақ кома 37 жыл 111 күн болып тіркелген.

Ең қызығы осындай ұзақ комадан кейін оянып, қоғамға араласқан адам АҚШ азаматы – Терри Уэлс. Ол 1984 жылы 19 жасында көлік апатынан кейін жағдайы нашарлап комаға түскен. Содан араға 18 жыл 333 күн салып 2003 жылы оянған. Кейін сөйлеп, қозғалып бастаған. Бұл өз алдына «ең ұзақ уақыт комадан кейін оянған» адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Комадан ояну өте сирек кез­десетін құбылыс. Ұзақ комадан оянған адамдар қозғала алмайды, сөйлеуінде шектеулер болуы мүмкін. Көбіне бастапқы кезде аппарат арқылы «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріп, кейін біртіндеп сөйлеп бастайды екен. Медицина бойынша бұл хәлді «вегетативтік күй» деп айтады. Қоршаған ортаға деген таңданысы мен байланысы кезең-кезеңімен қайта оралады. Еліміз бойынша комаға түскен адамдар туралы ешқандай ресми ақпарат тіркелмеген. «Ең ұзақ кома» секілді деректер де расталмаған.
Ес-түссіз жатқан науқастың өмі­рін тек өмірді қолдаушы аппарат қана ұзартып тұр. Комада жатқан адамның аппаратын өшіруге заңмен тыйым салынғаны туралы білесіз бе?

Иә, адам өмірін сақтап тұрған медициналық аппаратты өшіруге заң жүзінде рұқсат етілмеген. Рұқ­сатсыз өшірген жағдайда арнайы шара қолданып, заң алдында жауап береді. Нақтырақ айтсақ, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 153-154 бабы бойынша іс қозғалуы мүмкін. Егер де биологиялық өлім ресми түрде жарияланып, ми жұмыс істеуді тоқтатқан жағдайда аппаратты өші­ру­ге отбасының жазбаша келісімі арқылы жүзеге асырылады. Бұл ере­же комадағы адам – әлі тірі адам деп есептелетінінің айқын көрінісі. Тек мидың жұмыс істемеуі расталған болса ғана аппаратты заң жүзінде өшіруге болады.

Әлемде түрлі ерекше әрі қызық­ты оқиғалар орын алатыны анық. Медицина саласында да біз біле бермейтін бірнеше қағидалар бар екен. Дүниежүзілік Гиннестің рекордтар кітабына енген түрлі жағдайлар шынымен кез келген адамның таң­данысын тудырары анық. Бүгінде әлемдегі «ең ұзақ комада» жатқан адам мен «ең ұзақ комадан оянған» адам туралы қызықты дерекпен таныс болдық.

Гүлсезім Табынбай

Фото: ашық дереккөз

24 қаңтар 2026 ж. 45 0