Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

№ 5 газет

21 қаңтар 2026 ж.

№4 газет

17 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Өте маңызды шешімдер қабылданды

Өте маңызды шешімдер қабылданды

Биылғы жылдың ең бас­ты жаңалығы – Алаш­тың анасы атанған Сыр өңі­рінде Ұлттық құрыл­тай­дың бесінші оты­ры­сы­ның өтуі. Құрылтай оты­ры­­сын­да мемлекет, қоғам ал­дын­да тұрған маңызды мә­се­ле­лер сараланып, сая­­си сал­мағы бар ше­шім­дер қа­былданды. Мемлекет бас­шысы Қызылорда об­лы­­сында кейінгі үш жыл көлемінде атқарылған жұ­мыстарға жоғары баға берді.

«Қазір Қызылорда облысында, әсіресе, әлеу­меттік салада жақсы жаңалық көп. Үш жылда осы аймақта 34 білім беру, 45 мәдениет және спорт нысаны салынды. Бұған қоса, 40 медицина нысаны ашылды. Менің тапсырмаммен Қызылордада 300 орын­ға арналған көп бейінді аурухананың құрылысы басталды. Көп ұзамай 500 орындық емхана және 200 орындық перзентхана салынады.

Бір сөзбен айтқанда, Қызылорда облысы бар­лық салада қарқынды дамуда. Облыстың жағ­дайы жалпы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады. Бұл – әкім Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді, табан­ды жұмысының нәтижесі» – деді Президент.

Тағы бір жаңалық, осыған дейін Астана, Ал­маты қалаларында президенттік кітапхана құры­лысы басталған болса, енді осындай заманауи кітап­хана біздің облыста салынбақ.

Мемлекет басшысы Құрылтайда сөйлеген сөзінде еліміз ауқымды саяси жаңғырудың жаңа­кезеңіне қадам басқалы тұрғанын, алдағы парла­менттік реформа көптеген өзгерістердің өзегі бола­тынын атап айтты. Осы орайда Құрылтайда ел ертеңі үшін қабылданған реформаларды құп­таймыз және қолдаймыз!

Райкүл БАЙНАЗАРОВА,
облыстық әйелдер кеңесі
қоғамдық бірлестігінің төрайымы
24 қаңтар 2026 ж. 43 0