Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

№ 5 газет

21 қаңтар 2026 ж.

№4 газет

17 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Тарихи бетбұрыс айқындалған жиын

Тарихи бетбұрыс айқындалған жиын

Қызылордада Мемле­кет басшысы Қасым-Жо­март То­қаевтың төраға­лы­ғымен өткен V Ұлттық құ­­рылтайда ке­лелі мәсе­лелер, байыпты баста­ма­лар сөз болды. Алдымен «Алаш­­­тың анасы» атанған қа­­­сиетті Сыр өңірінің да­муын жоғары бағалаған Пре­­зидент облыс әкімінің ат­қарған жұмы­сына оң баға бер­ді. Бұл біздің аймаққа деген үлкен ықылас, шын құрмет десек, артық айт­паспыз.

Иә, Сырда өткен құрылтайда ел тағдырына тікелей қатыс­ты ой айтылып, тарихи бетбұ­рыстар айқындалды. Пре­зи­дент сөз еткендей, бұл бас­қосу Қа­зақстандағы ауқым­ды ре­формалардың негізгі қоз­ғау­шы күші болғандай. Енді ел сенімін ны­ғайтатын көптеген жақсы ұсы­ныстардың нақты қолға алынатыны анық. Әрі мемлекет басқарудағы халық үнін есту, ұлт санасын жаңғыртуға де­ген нық қадамдар тоқтамайды. Парламент қыз­метін түбегейлі қайта құру идеясы, оның құ­зіретін кеңейту, Халық кеңесі институты, вице-пре­зи­дент­тік құрылым мен цифр­ландыру туралы Мем­ле­кет бас­шысының пайымдары құптарлық.

Қуантатыны – Арал мен ондағы экологиялық ахуалдың Президент назарында тұрғаны. Қа­зіргі су деңгейін ұстап тұрған Көкарал бөгетін қай­та биік­тету, Халықаралық су ұйымын құру мә­селесі, су саясатында көрші мемлекеттермен дипло­ма­тия­лық мәмілеге келу жайлы осы келелі жиында ке­ңінен айтылды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр елі­нің еңбекқорлығын, ұйымшылдығын жоғары баға­лады. Туған жерге деген сүйіспеншілік, жана­шыр­лық пен тазалық жағынан өзгелерге үлгі екенін ерекше айтып өтті.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Қызыл­ор­дада құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Зама­науи кітапхана, драма театр құрылысы осы жылы бас­талмақшы. Ең бастысы – «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық автобанының Қызыл­ор­да-Ақтөбе бөлігі кеңеймек. Қазіргі екі жолақтан төрт жолаққа ауысады. Сондай-ақ өңірге қатысы бар «Бейнеу-Сексеуіл» жолының құрылысы да басталады. Бұған қосымша «Қызылорда-Жез­­қазған» жолының қалған бөлігі осы жылы аяқ­талады. Жалпы жалғыз бізде ғана емес, рес­пу­блика бойынша да бұрын болмаған ауқымды ин­фра­құрылымдық жобалар іске асады.

Құрылтай соңында бір топ азамат мемле­кеттік наградамен марапатталған еді. Ел­дің экономикалық, әлеуметтік және қоғамдық да­муы­на елеулі үлес қосқандар қатарында өзім де болғаныма қуандым. Мемлекет басшысы І дәре­желі «Барыс» орденін тақты. Бұл менің ғана емес, Сыр елінің еңбек адам­дарының абыройы деп бі­лемін.

Самұрат ИМАНДОСОВ,
Қызылорда облысының
құрметті азаматы

24 қаңтар 2026 ж. 32 0