Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

№ 5 газет

21 қаңтар 2026 ж.

№4 газет

17 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Сыр өңірі – еңбек пен бірліктің жарқын үлгісі

Сыр өңірі – еңбек пен бірліктің жарқын үлгісі

Тарихи тамыры те­реңде жатқан Құрылтай дәстүрінің бүгінгі жаң­ғыруы – ел бір­лігінің, қо­ғамдық келісім мен ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі. Сыр елінде өткен V Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы ел да­муының стратегиялық ба­ғыттарына кеңінен тоқ­та­лып, саяси ре­формалар, әділетті қо­ғам құру, экономиканы әр­тараптандыру, ұлт­­тық құндылықтар мен ұрпақ тәр­биесі, заң мен тәртіп үстемдігі сынды аса ма­ңызды мәселелерге ерекше назар аударды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде «Сыр бойы – нағыз еңбек адамдарының мекені. Кеңес за­ма­нында осы аймақтан 100-ге жуық Еңбек Ері шық­қан. Әйгілі күрішші Ыбырай Жақаевты хал­қы­мыз ерен еңбектің символына балайды» деп атап өтті.

Президент сөзінен Сыр жұртшылығының ең­бек­қорлығы мен азаматтық жауапкершілігіне де­ген ерекше сенім аңғарылды. Бұл – жай ғана баға емес, ел дамуына адал қызмет етіп жүрген жан­дар­ға көрсетілген зор құрмет.

Қызылорда облысының заман талабына сай қарқынды дамуына, аймағымыздағы автокөлік жо­лының сапасы, әуе және теміржол жүйелерінің жаң­ғыртылуы, Кіші Аралды қалпына келтіру, Көк­арал бөгетін биіктету шаралары, облыс ор­та­­лығымен қатар, әр ауылдың көз тартатын та­за­лығы, облыс орталығындағы жаңа тарихи-өл­кетану музейіне ерекше тоқталды.

Ауқымды инфрақұрылымдық жоба «Батыс Қы­тай – Батыс Еуропа» автодәлізі мен «Бейнеу – Сексеуіл» жолының құрылысының басталатынын жеткізді. Бұл – өңір халқы үшін үлкен қуаныш.

Осындай тағылымды әрі тарихи басқосуда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан «Парасат» орденін алу – мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауап­кершілік.

Сыр жұртшылығының, халық қалаулылырының атынан және өз атымнан Мемлекет басшысы Қа­сым-Жомарт Кемелұлына шынайы алғысымды біл­діремін. Көрсетілген жоғары сенім мен құрметті ақтау – мен үшін басты парыз.

Біздің басты міндетіміз – өңіріміздің дамуына нақты үлес қосу және Мемлекет басшысының бас­тамаларының табысты жүзеге асуына бірлесе ат­са­­лысу. Еліміздің іргесі берік, бірлігі мығым бол­сын!

Құрылтайда қабылданған шешімдер ел игі­лігіне қызмет етсін!

Мұрат ТЛЕУМБЕТОВ,
Қызылорда облыстық
мәслихатының төрағасы

24 қаңтар 2026 ж. 33 0