Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Ұлттық құрылтай тапсырмаларының орындалуы талқыланды

Ұлттық құрылтай тапсырмаларының орындалуы талқыланды

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер бойынша берілген тапсырмаларды орындау тетіктері талқыланды.

Аудан басшысы Мемлекеттік рәміздерді пайдалануда салғырт қарауға болмайтынын Мемлекет басшысы ерекше атап өткенін айтып, бұл бағыттағы бақылауды күшейтуді жауапты сала басшыларына тапсырды.

Жиында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының жүзеге асырылу барысы назардан тыс қалған жоқ. Бұл бастама Ұлттық құрылтайда көтеріліп, Президенттің тікелей назарында болғаны атап өтілді.


Аудан әкімі акция аясында тазалық жұмыстарын қарқынды түрде жалғастыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ, аудандық полиция бөліміне құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейтіп, жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуын бақылауға алуды тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
22 қаңтар 2026 ж. 222 0