Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Бала құқығын қорғайтын шаралардың бәрі бір құжатқа біріктірілді – Мемлекеттік кеңесші

Бала құқығын қорғайтын шаралардың бәрі бір құжатқа біріктірілді – Мемлекеттік кеңесші

Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда  Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бала құқығын қорғаудағы шаралар бір арнаға тоғыстырылып жатқанын айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM

– Ғылым және білім, бала құқықтарын қорғау саласында маңызды бастамалар қолға алынды. Жақында ғылыми қалашықтар құру және дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Мектептердегі аралық замануи тәрбие бағдарламасы жетілдірілді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Қазақстан балалары» біртұтас бағдарламасы әзірленді. Балалардың құқығын қорғау бағытындағы шараларының бәрі енді осы құжатқа біріктірілді, – деді Ерлан Қарин.

Сондай-ақ ол, жуырда Үкімет қаулысымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі жаңа кешенді жоспар қабылданғанын атап өтті.

– Өткен жылдың қараша айында Президенттің Жарлығымен ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді. Бұл құжат – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ішкі саясат саласын жүйелейтін алғашқы тұжырымдамалық құжат. Оны әзірлеуге құрылтай мүшелері, сарапшылар ерекше атсалысты, – деді Мемлекеттік кеңесші.

Фото: Казинформ
 
20 қаңтар 2026 ж. 185 0