Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » 2025 жылы халықтың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыру бағытында қандай жұмыстар атқарылды?

2025 жылы халықтың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыру бағытында қандай жұмыстар атқарылды?

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржылық сауаттылықты арттыру бағытында атқарған жұмыстар бойынша жыл қорытындысын шығарды. Атап айтқанда, агенттікпен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында 4 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізіліп, шамамен 4 млн азамат қамтылған.

Агенттіктің ресми сайтында жазылған ақпараттарға сәйкес, 2025 жылғы негізгі нәтижелер:

“Жылдың алғашқы алты айында қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада өткізілді. Оған 3,5 мың студент қатысты.

Олимпиада қарсаңында 2 мың мектепте және 1,5 мың жоғары оқу орны мен колледжде қаржылық қауіпсіздік сабақтары ұйымдастырылып, 800 мыңнан астам оқушы мен студент қамтылды.

2025 жылдың маусым және қараша айларында «АФМ online 2025: XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» және «AFM Digital Lessons» – ҚМА-нің цифрлық қауіпсіздік сабақтары» атты республикалық форумдар өткізілді.Сабақтар интерактивті форматта, онлайн-сауалнамалар мен жасанды интеллект қолданылған квиз-тапсырмалар және заманауи графикалық эффектілер арқылы өтті.

Іс-шараларға танымал әртістер, блогерлер мен медиа тұлғалар тартылды.Нәтижесінде 90 ЖОО мен 263 колледжден 164 мың студент, сондай-ақ 16 мыңға жуық бюджеттік ұйым қызметкерлері қамтылды.

Серіктестер ретінде Астана қаласының әкімдігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі және «zakon.kz» ақпараттық порталы қатысты. Сонымен бірге «Заңды күлкі» тақырыбымен «Жайдарман» КВН ойыны екі рет ұйымдастырылып, оған елдің 12 үздік командасы қатысты. Ойындарды шамамен 3 мың көрермен тамашалады.2025 жылдың тамыз айында ҚМА «Қарызсыз қоғам» жобасымен бірлесіп елордада 1 мыңға жуық зейнеткер мен несие жүктемесі бар азаматтарға арналған оқыту семинары мен консультациялар өткізді. Спикерлер қаржылық пирамидалар, интернет-алаяқтық және заңсыз микроқаржы ұйымдарының қауіптері туралы түсіндірді.Күзде «FinIQ – 2025» қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық онлайн-диктант өткізілді. Оған 2,8 млн азамат қатысып, оның ішінде 1,3 млн-ы оқушылар мен студенттер болды. 2025 жылдың 1–15 желтоқсан аралығында қаржылық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған «Qarzhy Saqshysy» республикалық компьютерлік ойыны өткізілді. Ойынға еліміздің барлық өңірлерінен 10–11 сынып оқушылары мен колледждердің 1–2 курс студенттерінен 800 мыңнан астам жас қатысты. Қызылорда қаласында ҚМА бастамасымен «Заң мен тәртіп – ел тұғыры» тақырыбында облыстық ақындар айтысы өтті. Сөз додасында заң үстемдігі, қаржылық алаяқтық, дропперлер сынды өзекті тақырыптар жырмен жеткізілді. Балаларға арналған «Қошқар мен Теке» атты қаржылық қауіпсіздік тақырыбындағы анимациялық мультфильмдер циклі әзірленді, қазіргі кезде олардың жалпы қаралымы әлеуметтік желіде 200 мыңнан асады. Қаржы пирамидаларының құрбандары туралы деректі фильмдер сериясы («HAS пирамидасы туралы», «Ақшаның соңынан қуғандар», «Пирамидалық тәуелділік пе, әлде аңғалдық па?») жарық көрді. Фильмдерді шамамен 200 мың көрермен көріп үлгерді. Танымал актерлер мен блогерлердің қатысуымен қаржы пирамидаларына, онлайн-казиноға, дропперлікке және өзге де заңсыз қаржы схемаларға қарсы бағытталған бірқатар профилактикалық бейнероликтер әзірленді. Контент 3,5 млн-нан астам қаралым жинады”2026 жылы Қаржылық мониторинг агенттігі халықтың қаржылық қауіпсіздігін арттыруға және қаржылық тәуекелдерге қарсы тұрақты дағдыларды қалыптастыруға бағытталған заманауи әрі креативті тәсілдерді қолдана отырып, аталған жұмысты одан әрі күшейту жоспарлауда.
10 қаңтар 2026 ж. 344 0