Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Заңдағы өзгеріс: ақпарат алу жеңілдеді

Заңдағы өзгеріс: ақпарат алу жеңілдеді

Заң шеңберінде кездесетін кез келген мәселенің шешімі бар. Құқықтық сауаттылығы жоғары әрбір азамат өз құқығын қорғау мақсатында заңға жүгінетіні рас. Бүгінде мемлекет атынан емес, жеке негізде жұмыс істейтін, бірақ заңмен өкілеттік берілген тұлға санатына кіретін сот орындаушы қызметі барлық өңірде жолға қойылған. Соттың заңды күшіне енген шешімін жекелеген адамға орындатумен айналысатын сала маманының жұмысына бірнеше өзгеріс енген. Кейбір заңнамалық актілердің өзгеріске енуіне байланыс­ты аталған салада көпшілік біле бермейтін бірқатар жаңалық бар.

Сырдария ауданы бойынша жеке сот орындаушы ретінде жұмыс жасайтын Жандос Тұңғышбаевтың бұл салада бірнеше жылдық тәжірибесі бар. Жеке сот орындаушының айтуын­ша, «ҚР кейбір заңнамалық акті­леріне қылмыстың алдын алу және ҚР заңнамасының кейбір салаларын жетіл­діру мәселелері бойынша өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасында атқару жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды түзе­ту­лер енгізілген.

– Заң жобасына енгізілген негізгі жаңалықтың бірі – атқару құжаттарын жеке сот орындаушылары (ЖСО) арасында автоматты түрде бөлу. Бұл реформа көптен бері күтілуде. Микро­қаржы ұйымдарының, өндіріп алу агент­тіктерінің және жеке банк­тердің сот орындаушыларын таң­даудағы те­ріс пайдалануы өзекті мәсе­ле болып қала береді. Іс жүзінде атқару құжаттары, әсіресе жаппай орындау құжаттары, шектеулі сандағы «өзі» ЖСО-ларына ұсынылады. Бұл елеулі теңгерімсіздікке әкеледі: кейбір сот орындаушыларында ондаған мың іс бар, ал басқаларында жүздеген ғана іс бар. Бұл жағдай тең жұмыс жүктемесі қағидаттарын бұрмалайды және орын­дау тиімділігін төмендетеді. Бас про­куратураның Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының бас­тамасымен және қатысуымен жүр­­гізген тексерулері бірнеше рет бұзушылықтарды анықтады. Оларға кредиторлар мен жеке сот орындау­шылары арасындағы туыстық белгі­лері, қысым жасау және атқару құжат­тарын беру кезінде заңсыз шарттар қою жағдайлары жатады. Мұндай тәжірибелер сот орындаушысын кор­поративтік кредиторларға тәуелді етеді, бұл олардың процедуралық бей­тараптығы мен объективтілігіне нұқсан келтіреді. Кредитордың жеке сот орын­даушысын өз бетінше таңдауға «міндетті емес құқығы» туралы кең таралған пікір де негізсіз. Есте сақтау маңызды: атқарушылық іс жүргізу жеке келісімшарттық қатынастардың мәселесі емес. Бұл барлығы үшін міндетті сот шешімдерін орындау кезеңі. Егер азаматтарға халыққа қыз­мет көрсету орталықтарында, банк­терде немесе басқа да мемлекеттік органдарда қызметкерлерді өз бетін­ше таңдауға рұқсат етілсе, жүйе хаоти­калық және бақылаусыз болар еді. Дәл осы қағида атқарушылық іс жүргізуге де қолданылады, – деді Жандос Нұрханұлы.

Күнделікті отбасылық, тұрмыстық, әлеуметтік жағдайымен қаншама адам жеке сот орындаушының көмегіне жүгінеді. Жоғарыда көрсетілген өзге­ріс­тердің барлығын Мәжіліс депутаттары бірнеше мәрте назарға алған. Салаға реформа жасауға қатысты көп­теген маман пікірі ескерілген. Өз кезегінде атқару құжаттарын автоматты түрде тарату тараптардың теңдігін қамтамасыз етуге, туыстықты жоюға, сот орындаушыларының тәуелсіздігін нығайтуға және атқарушылық жүйе­ге қоғамдық сенімді арттыруға бағыт­талған жұмысты жүзеге асыру жеке сот орындаушының міндетіне кіреді. Әрине, сала мамандары ұсынылып отыр­ған реформаның өзекті және шұғыл қажет екенін, сот шешімдерін тиімді орындауға және азаматтардың құқықтарын қорғауға ықпал ететін ашық, объективті және әділ істерді бөлу механизмін жасайтынын алға тар­тады.

– Бұл ретте, жұртшылыққа тиімді әрі сапалы ақпаратты бөліскім келеді. «AdiletGov» (АИС ОИП) – бұл ҚР Әділет министрлігінің атқарушылық іс жүргізуді автоматтандырылған ақпа­рат­тық жүйесі саналады. Онда сіз өзіңіздің борыштарыңызды, атқару­шылық істеріңізді, тыйым салулар мен шектеулерді тексере аласыз. Портал (aisoip.adilet.gov.kz) арқылы, сондай-ақ аты аталған «AdiletGov» мобильді қосымшасы арқылы да борыш­керлер тізілімін ИИН арқылы көріп, атқарушылық құжаттар туралы ақпаратты оңай алуға болады. Кез келген біздің кеңсемізге келіп, порталға кіру тәсілін сұраса болады, – деді жеке сот орындаушы.

Б. ОРДАБЕКОВ


31 желтоқсан 2025 ж. 250 0