Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Тәуелсіздік – теңдік пен еркіндік жемісі

Тәуелсіздік – теңдік пен еркіндік жемісі

Тәуелсіздік – қастерлі де қасиетті ұғым. Бүгінде сіз бен біздің егемен елде өмір сүріп жатқанымыз отаршылдық саясатқа қарсы ұрандаған зиялыларымыздың, бостандықтың туын желбірету үшін аянбай күрескен батыр оғландарымыздың, желтоқсанның ызғарында жүрек жұтып алаңға беттеген намысшыл қыз-жігіттеріміздің арқасы.

Алаңға шыққан қазақ жастарына жала жабылып, жапа шекті. Олардың қатарында Қызылорда облысынан 150-ден астам азамат болды. Барлығы дерлік оқудан, партия қатарынан шығарылды.

Республика жұртшылығының өмір­лік мүдделеріне қатысты мәселені шешудегі Орталықтың әділетсіз әрі өктем бұл қадамы қордаланып қалған халық наразылығының жанартаудай атылып сыртқа шығуына түрткі болды.

Біз – егемен Қазақстанның бейбіт аспанында еркін өсіп келе жатқан бақытты адам қатарындамыз. Тәуел­сіздік бізге ата-бабамыздың қанымен, ерлігімен келген қасиетті мұра. Сондықтан оны сақтау, нығайту – әрбір азаматтың басты міндеті. Бүгінгі жас ұрпақ білімді, саналы, отансүйгіш болуы тиіс. Ел болашағы ғылымда, мәдениетте, еңбекте және бірлікте екенін түсіну – тәуелсіздікті баянды етудің жолы. Өз тілімізді, тарихымызды құрметтеу арқылы ғана біз нағыз тәуелсіз елдің ұланы бола аламыз. Тәуелсіздік – тек өткеннің жемісі емес, ол – болашаққа апарар жол. Сол жолда елін сүйетін, жауапкершілікті, мақсатшыл жастардың рөлі ерекше.

Гүлшара САРБАСОВА,
Қоғалыкөл ауылы

16 желтоқсан 2025 ж. 172 0