Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жаңа өзгеріс – жаңа мүмкіндік

Жаңа өзгеріс – жаңа мүмкіндік

Еліміз бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, «Білім беру саласын тұрақты дамыту» қоғамдық қоры және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің тірек әлеуетін дамыту» жобасы аясында Сырдария ауданының Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицейінің материалдық-техникалық базасы жаңарды. Бұл өзгеріс – оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктер алаңына айналды. Жасөспірімдер енді түрлі шығармашылық бағытта өз қабілеттерін сынай алады.

Тірек мектебі ретінде қарас­тырылған Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицейі енді жаңа өзгерістермен бірге жаңа деммен даму үстінде. Бұл жоба аясында мектеп-лицей директоры Айнұр Алиева толығырақ айтып өтті.

– «Білім беру саласын тұрақты дамыту» қоғамдық қоры және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен бір­лесіп, «Ауылдық жерлердегі тірек мек­тептердің тірек әлеуетін дамыту» жобасы аясында жүзеге асқан мектеп-лицейдің ма­териалдық-техникалық базасының жаңаруы оқушылардың жаңашыл бағытта дамуының кепілі. Мектеп-лицей ішінде 30 сынып жаңарып, кітапхана өңдеуден өтті. Атап айтсақ, бастауыш сынып бойынша 14 кабинет жабдықталды. Сонымен қатар, физика, химия, биология, география, математика, информатика, қазақ тілі, тарих, ағылшын тілі, АӘТД, Stem, Art студия, телестудия, технология қыздар, технология ұлдар кабинеттері заманауи соңғы үлгідегі техника құралдары мен оқушыларға қажетті барлық затпен толықты. Одан бөлек кітапхана өзгеше бағытта өзгертіліп, балаларға ыңғайлы оқу аймағы қарастырылған. Тіпті зерігу әрекетінің алдын алу барысы бойынша кішігірім миды дамытатын ойын үстелі орнатылды. Бұл оқушылардың білім алуы мен дамуына деген заманауи бағыттағы үлкен мүмкіндік. Stem кабинеті толықтай робототехникаға қажетті барлық құрал-жабдықтар және аппаратпен қамтылған. Ал қыз балаларға арналған технология сыныбында арнайы ас-үй жиһазы орнатылып, керекті ыдыс­тармен толықтырылған. Информатика кабинеті жаңа компьютер, парта, орындық, арнайы сөре, жаңа тақтамен өзгертілді. Сондай-ақ соңғы үлгідегі тігін машиналары қарастырылған. Art студия, телестудия кабинеттері оқушылардың сабақтан тыс уақытта шығармашылық қабілетін жетілдіру мақсатында жабдықталып, барлық жағдай жасалған, – дейді мектеп-лицей директоры Айнұр Алиева.

Бұл бастама бойынша мектеп-лицейдің бірнеше сыныбы толықтай жаңарып, жабдық­талды. Қазіргі таңда шығар­машылық бағытта ашылған кабинеттерде оқушылар өз қабілетін шыңдауда. Тіпті аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың жүл­дегері атануда. Жоба – ауылдық жердегі тірек мектептердің базасын жаңартып, қала баласы мен ауыл оқушысының деңгейін теңестіру мақсатында жүзеге асуда. Елді мекендегі ауыл балаларының білім сапасын арттырып, шығармашылық қабілетін дамыту – мемлекет ұстанған негізгі бағыттың бірі.


Г.ТАБЫНБАЙ

09 желтоқсан 2025 ж. 76 0