Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Жанар Жалғасбайқызы квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жүйелі шараларының бірі ретінде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді.
Сондай-ақ қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілік көзделгендігін назарға салды. Қордағы сыбайлас жемқорлық көріністері үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауаптылық шаралары көзделгендігі жөнінде ескертті.
Елдегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық климатқа теріс әсер етеді, елдің имиджін, Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа халықаралық мүддесін төмендетеді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қор мен жалпы ел үшін негізгі басымдық болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 22-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.