Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелдік БАҚ Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәжірибесі мен танысты

Шетелдік БАҚ Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәжірибесі мен танысты

Digital Bridge 2025 халықаралық IT-форумы аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы алыс-жақын шетелдік журналистер үшін пресс-тур ұйымдастырды. Астаналық халыққа қызмет көрсету орталығында қонақтар мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы Қазақстан тәжірибесін зерттеп, енгізіліп жатқан цифрлық шешімдерді бағалады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында қонақтарға қызмет көрсетубөлімінің жұмысы туралы жан-жақты ақпарат беріліп, қызмет көрсетуде қолданылып жатқан заманауи шешімдер таныстырылды.

Журналистерге «ЦОН» мобильді қосымшасы және «біртерезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметкөрсету процестері көрсетілді. Осылайша, шетелдік қонақтар жоғары деңгейдегі автоматтандыруды, интерфейстердің ыңғайлылығын және қызметтерді алу жылдамдығын атап өтті.

«Қазір мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электронды түрде көрсетіледі.


Бұл – еліміздің цифрлық трансформациядағымаңызды жетістігі. Ол қабылданған шаралардың тиімділігін дәлелдеп, Қазақстандағы цифрландырудың тұрақты дамуын көрсетеді. Біз алдағы уақытта да жаңа технологияларды енгізіп, қызмет көрсету үдерістерін жетілдіребереміз. Негізгі мақсатымыз – халыққа заманауи талаптарға толық сай қызмет ұсыну», – деп атап өтті Арман Кенжеғалиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы.

Сонымен қатар, мобильді қосымшаның бейнеқоңырау арқылы кеңес алу, әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған онлайн-калькулятор, автокөлік тарихын тексеру және көлікті сатып алу-сату шартын тікелей смартфоннан рәсімдеу сияқты инновациялық сервистері ерекше қызығушылық тудырды.


Қонақтар құжаттандырутерминалдарына да назараударды. Олардыңкөмегіменазаматтарбірнеше минут ішінде паспорт немесежекекуәліккеөтініш бере алады.

Делегацияға компьютерлермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы да таныстырылды. Мұнда арнайы құрылғысы жоқ азаматтар мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің қатысуынсыз қызметтердіэлектронды форматта рәсімдей алады.
Сапарды қорытындылай келе, шетелдік БАҚ өкілдері қызмет көрсету орталығының жұмысынжоғары бағалап, Қазақстан тәжірибесі мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласында басқа елдерге үлгі бола алатынын атап өтті.

Айта кетейік, пресс-тур Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумыаясында өтті. Оған Оңтүстік Корея, Таиланд, Қытай, Малайзия, Армения, Әзірбайжан, Өзбекстан және Беларусь елдерінің журналистері қатысты.
06 қазан 2025 ж. 54 0