Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Білімді ұрпақ – ел келешегі

Білімді ұрпақ – ел келешегі

Қазіргі таңда республика көлемінде «Келешек мектебі» салынып жатқаны жанды жадыратады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласына тоқталды.

«Бұл жерде білім беру саласы айрықша рөл атқарады. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Қалған мектептердің құрылысы алдағы үш ай ішінде аяқталуға тиіс» деген болатын. Жалпы аймақ бойынша бірнеше «келешек мектебі» ашылған болатын. Бұл бастама жас ұрпақтың сапалы білім ала отырып, заманауи жыл ағымына қарай дамуының кепілі. Себебі, жыл сайын қай сала болмасын, өзгеріс үстінде. Сондықтан ұстаздар да заман талабына сай дамып, оқушыларға тиісінше сабақ беру маңызды.

Жаһандық дамудағы цифрлық технологиялардың қарқын алуы білім саласында да айқын көрініс береді. Бұл жайлыда Президент Жолдауында тоқталды.

«Цифрлық технологиялар жа­һандық еңбек нарығын жылдам өзгертіп жатыр. Әлемде жасанды интеллектімен жұмыс істеудің қыр-сырын білетін мамандарға деген сұраныс артып келеді. Сол себепті менің тапсырмаммен 100 мыңға жуық студентті жоғары технология­лық жобаларға тартуды көздейтін Al-Sana бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Алайда жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жас­тан, яғни мектеп қабырғасынан қолға алынуы тиіс.

Осыған орай бірқатар бастаманы жүзеге асырған жөн. Ең алдымен, мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері туралы бағдарлама және оқу материалдарын әзірлеу қажет.

Ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын да қалыптастыру керек болады».
Яғни білім саласында жасанды интеллектіні дамыта отырып, цифрлық жүйеге толықтай бет бұру керек. Мектеп қабырғасына дайындалатын оқу құралы біршама мәселенің шешімі. Сондай-ақ тек оқушыларға ғана емес, ұстаз­дарға әдістемелік құралдар әзір­ленуі маңызды. Сондықтан білім саласының даму жолында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы нық қадам екені анық. Соған сай сапалы білім беру үшін ұстаздар да үздіксіз даму үстінде болуы керек.


Дархан ҚОЖАХМЕТОВ,
Талғат Қозыбаев атындағы №131 орта мектептің директоры
27 қыркүйек 2025 ж. 173 0