Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

«Тәртіпке бағынған құл болмайды.» Дұрыс қоғам – түзу тәрбиеленген жас ұр­­пақ­тан құралады. Жыл бойы аудан көлемінде рейд жүргізіліп, түнгі уақытта жас­өс­пірімдердің жүріс-тұрысы қатаң бақы­ланады. Тәртіптік іс-шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев арнайы қатысып, балалар қауіп­сіздігіне ден қойды.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құ­қық­­бұзушылықтың алдын алу және қауіп­сіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы рейд­тік жұмыстарға құқық қорғау қызмет­керлері, мектеп әкімшілігі мен ұстаздар, жастар да атсалысты. Іс-шара барысында түнгі уақытта ойын-сауық орындары, сая­бақтар мен қоғамдық демалыс аймақтары тексе­рілді. Сонымен қатар ата-аналар мен жас­­өс­пірімдерге құқықбұзушылықтың алдын алу шарасы бойынша түсіндірме жұмыс­ы жүргізілді.

– Қазіргі қоғамда келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін өзекті мә­се­ле – бала тәрбиесіне баса мән беру бүгінгі күннің басты міндетінің бірі. Ұстаз – ұрпаққа жол көрсететін шамшырақ. Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі. Ал қоғам­дағы тәр­тіп пен тыныштықтың кепілі – заңға деген құрмет пен оны сақтау. Бала тәрбиесіне бар­­лығымыз жауаптымыз. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев осы бағытта жүйелі түрде жұмыс жасауды қатаң тапсырды. Сондықтан біз балалардың тәрбиесіне аса жауап­кершілікпен қарауы­мыз керек. Бала­лар қауіпсіздігіне баса мән беру қажет. Бұл қай­ғылы оқиғаны болдырмау және алдын алу үшін маңызды. Ең бастысы – амандық, қауіп пен қатерден сақтау. Осы орайда сала мамандарының жұмысын күшейту қажет, – деді аудан әкімі.

Ұрпақ тәрбиесі, жастар мен жасөспірім­дер болашағы қай қоғамда да үлкен маңыз­ға ие. Бала қауіпсіздігі мен тәрбиесі – мәңгілік тақырып. Бұл ретте ата-ана – мектеп – бала үштігі бірлесе жұмыс жасауы орынды. Айтпақшы, мектептегі бұзақылығы үшін ата-анаға айыппұл салынатын болады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. «Оқушының тәртібі үшін ата-ана да жауап­ты болады. Егер буллинг алғаш рет тіркелсе, айыппұл көлемі 10 АЕК немесе 39 320 теңгені құрайды. Қайталау жағдайында сома 30 АЕК-ке (117 960 теңге) дейін өседі» делінген хабарламада.

Бүгінгі күні қоғамның алдында тұрған бас­ты міндеттердің бірі – құқықбұзушы­лықтың алдын алу және кәмелетке толма­ғандар ара­сындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Түнгі уақытта балалар мен жасөс­пірімдердің сағат 23.00-ден кейін заңды өкіл­дерінсіз көшеде жүруіне тыйым салынады. Аудан бойынша жасөспірім­дер арасында түнгі мез­гілде ата-анасының қарауынсыз көшеде және ойын-сауық орында­рында жүрудің алдын алу бойын­ша рейд жұмыстары тұрақты түрде ұйым­дас­тырылып жүр. Кент және ауылдық округ­терде құрылған жұмысшы топқа аудан әкімдігі, білім бөлімі, полиция бөлімі және ата-аналар комитеті бірлескен түрде түсіндір­ме жұмыстарын жүргізеді. Мамандар заң­ды өкілдерінсіз мекен жайдан тыс жерде жүр­ген жасөспірімдер үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бо­йынша шара көрілетінін ескертеді.


А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
06 қыркүйек 2025 ж. 169 0