Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Студентке жеті кеңес

Студентке жеті кеңес

Жаңа оқу жылы басталар сәт те таяп қалды. Кеше ғана арман қуып жас түлек атанған мектеп оқушылары еліміздегі белгілі университеттердің түлегі атанып отыр. Көпшілік жатақханаға орналасып, жаңа орта, жаңа өмірді бастамақ. Осы ретте жаңа студентке өміріне ықпал ететін жеті кеңесті ұсынғымыз келеді.

1. Өз таңдауыңа жауапты бол. Мамандықты жүрегіңмен таңдадың ба? Енді осы жолда өзіңе сеніп, тек алға ұмтыл! Университет – мектеп емес. Жауапкершілік – басты қасиетің болсын.

2. Жоспармен жүр. Әр күніңді, әр сәтіңді тиімді өткізу үшін жоспар жасау маңызды. Қойындәптер арнап немесе ұялы телефон арқылы күніңді жоспарлау үлкен нәтижелерге қол жеткізудің қарапайым жолы.

3. Ортаң қандай болса – сен де сондайсың. Жаңа өмір, жаңа таныс, жаңа жолдастар. Араласатын ортаңа талғаммен қара. Дамушы ортада жүрсең, сен де жақсы бағытқа өзгересің. Жаман әдеттен аулақ бол!

4. Көп ізден. Университеттің жанында міндетті түрде кітапханалары болады. Бос уақытыңда сол жерден табылуға тырыс. Кітап – құнды қазына екенін ұмытпа. Іздеген адам «сиқырлы қазынаға» тап болады.

5. Ерте тұр. Таңмен таласа оянып, уақытылы ұйқыға жату – саламатты өмір салтының кепілі. Денсаулық – зор байлық. Ерте оянған адамның күні берекелі, өнімді өтеді.

6. Жаңа нәрсе үйре­нуге тырыс. Телефонда уақытты құр өткізбей, онлайн курс, тіл үйрету курстарына жазылған абзал.

7. Студенттік өмір­дің әр сәтін бағала. Белсенді бол. Қызықты жобаларға атсалыс. Бұл – үлкен өмірдің бастауы. Серуенде, айналаңдағы тамашадан құр қалма.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
Фото: Ашық дереккөзден


12 тамыз 2025 ж. 206 0