Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 60 газет

12 тамыз 2025 ж.

№ 59 газет

09 тамыз 2025 ж.

№ 58 газет

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Абай – дана, Абай – дара қазақта

Абай – дана, Абай – дара қазақта

Алаштың хакім Абайының туғанына 180 жылдығы еліміз бойынша ауқымды түрде аталып өтілді. Бірнеше күн бойы ұлы ақынның даңқын көкке өрлету мақсатында Сырдария ауданында ауқымды іс-шаралар жүзеге асты. Ең алдымен, аудан басшысы Ақжарма ауылына барып, Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Одан кейін «Руханият орталығында» «Абай жолы – дара жол» тақырыбында қойылым-концерт өткізілді.

Оған аудан әкімі Берік Сәрменбаев, аудандық ардагерлер кеңе­сінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық мәслихат депутаты Алмас Есназар, ауданның зиялы қауым өкілдері, жергілікті тұрғындар, сала ардагерлері қатысты.

Тағылымы мол іс-шарада аудан әкімі Берік Сәрменбаев сөз сөйлеп, ұлы ойшылдың мол мұрасын, шы­ғар­­ма­шылығын, өмір жолын тілге тиек етті.

– 2020 жылдан бастап Мемлекет басшысының бастамасымен 10 тамыз – Абай күні болып жария­ланып, мемлекеттік мерекелер күн­тізбесіне енгізілді. Бұл – ұлттық идеяға, мәдени тереңдікке және адамгершілік құндылықтарға назар аударатын маңызды күн. Абай Құнанбайұлы дара тұлға ретінде ел тарихында өшпес із қалдырды. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, тұрмысы, тіршілігі, мінезі және рухы көрініс табады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз» деп атап өтті. Президент кемеңгер тұлғаның есімін мәңгі ету бағытында 2022 жылы Қазақстан Респуб­ли­ка­сының әкім­шілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізіп, Абай облысы құрылды. Абай Құнан­бай­ұлының шығар­малары ар­қылы парасатты әрі толық адам фило­софиясына жету, даналық пен ізгілікке қарай қадам басуға болады. Сананы жаңғырту, ұлтқа қызмет етудің адами кеңестері де ұлы ақынның туындыларынан табылады. Сондықтан да бүгінгі өскелең ұрпаққа Абай мұрасын дәріптеп, насихаттауға тиіспіз. «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген дана ақынның бірлігі дәл қазір бізге керек. Тәуелсіз елімізді әрі қарай өркендету жолындағы жасампаз істерімізде ауызбіршілігіміз бір болса, ісіміз де берекелі, нәтижелі болмақ. Бүгінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай әлем елдерінде танымдық іс-шаралар өткізілуде. Елімізде Мемлекет басшысының қолдауымен ауқымды жұмыстар ат­қарылып, қазақ реформаторының өмірі мен шы­ғармашылығы дәріп­телуде. Бар­­ша­ңызды ұлт руха­ния­тының алтын­қазығына айналған Абай Құнанбайұлының 180 жыл­ды­ғымен құттықтаймын, – деді аудан басшысы.


Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары қойы­лым-концерттің мазмұнын Абай Құнанбайұлының өмір жолымен ұштастыра білді. Ақынның әрбір шығармасын кеңінен насихаттап, ұлы мұратқа жету жолындағы түпкі мақсатын суреттей білді. Өз кезегінде тақырыптық прологта Абай өлеңдерінен әдеби-музыкалық композициясы сахналанса, «Айттым сәлем Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Мен бір жұмбақ адаммын», «Сегіз аяқ», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін аудан өнерпаздары төгілте шырқады. Яғни, танымдық деңгейі жоғары іс-шарада ұлы ақынның әндерін нақышына келтіріп шырқаған өнерпаздар қатарында Абылайхан Байділдаев, Дархан Разақов, Ақбота Талғатова, Ақтолқын Баймұратова, Айгерім Үсенова, Мақсұт Әбсадықов, Нұрбол Тұранов, аудандық мекеме қызметкерлерінен құрылған хор ұжымы бар. Талантты күйші Абылайхан Қилымханов «Телқара» күйін тамылжыта орындады.

                               

Іс-шара барысында аудан басшысы қонақтармен бірге қолөнер шеберлерінің туындаларымен және кітап көрмесімен танысты.

***

Ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздері – ұлттың баға жетпес құн­дылығы. Негізінен, Абай Құнан­байұлының өлеңдері алғаш 1909 жылы Қазан қаласында жарыққа шыққан деседі. Міне, сол кезеңнен бастап ойшылдың мол мұрасы халық жадынан мәңгілік өшкен емес. Хәкімнің 180 жылдығына арналған басты іс-шараның бірі – «Асыл сөздің зергері – ұлы Абай» атты аудандық Абай оқулары байқауы. «Руханият орталығында» Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен жастар арасында аудандық байқау өтті.

Екі кезеңнен тұратын байқауға аудан бойын­ша 17 талапкер қатысып, бақ сынады. Өз кезегінде байқаудың ашылу салтанатында арнайы тақырыптық пролог көрсетіліп, Абай Құнанбайұлының жас күніндегі ұлттың қамы үшін жаса­ған еңбегі кеңінен дәріптелді.

Алғашқы кезеңде талапкерлер ұлы ақынның қара сөздерін мәнерлеп оқыса, екінші кезеңде өлеңдерінің табиғатын аша білді. Байқауда өнерімен көпшілікті тәнті еткен қатысушылар қатарында шіркейлілік Диас Асанов, ақжармалық Айғаным Асқарова, Шарифа Қазбекқызы, қоғалыкөлдік Аяулым Балғабай, бесарықтық Нұрайым Ермек, тереңөзектік Тәңірберген Ерсұлтанұлы, Аяулым Құрманғазина, Айзере Серікбай, Жанель Серікбай, аманкелділік Айсәуле Жамбыл, жеті­көлдік Ләйлім Жарылқасын, Асқарлық Айсара Қайратқызы, іңкәр­дариялық Ботагөз Қорғанбаева, Нағилық Гүлназ Мейрамбекова, Айбибі Мұхамбет, Қалжан ахундық Айым Төлетаева, Сәкендік Нұрзат Шәкірбек бар. Олардың өнеріне аудандық мәдениет және тіл­дерді дамыту бөлімінің бас маманы Ақбота Асанова, аудандық «Тіршілік тынысы» газеті бас редакторының орынбасары Балтабай Ордабеков, аудандық орталықтандырылған кітап­ханасының кітапханашысы Сайра Сейтен әділ бағасын берді.

Байқау қорытындысы бойынша жеңіс тұғыры­нан көрінген өнерлі өрендерді аудан әкімі Берік Әбдіғап­парұлы «Абай жолы – дара жол» тақырыбындағы қойылым-концертте марапаттады. Бұл ретте, бас жүлдені Диас Асанов еншіледі. І орынды Айғаным Асқарова, ІІ орынды Айсара Қайратқызы, Гүлназ Мейрамбекова, жүлделі ІІІ орынды Аяулым Құрманғазина, Ботагөз Қорғанбаева, Жанель Серікбай иеленді. Барлық жеңімпазға диплом мен бағалы сыйлық тапсырылды.

Айта кетейік, аудан өнерпаздары Абай күніне орай аудан тұрғындарына ерекше рухани тарту жасады. Таңертеңнен бастап әншілер керуені аудан орталығын аралап, ән шырқап, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін халыққа тереңнен жеткізді.


Б.АЯБЕКҰЛЫ

12 тамыз 2025 ж. 200 0