Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 59 газет

09 тамыз 2025 ж.

№ 58 газет

05 тамыз 2025 ж.

№ 57 газет

02 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Құрылысшыларға құрмет

Құрылысшыларға құрмет

Құрылыс саласы – ел экономикасының маңызды секторларының бірі. Еліміздің, оның ішінде ауданымыздың жаңарып, жасаруын­да аталған сала мен сала мамандарының еңбегі өлшеусіз. Тамыз айындағы кәсіби мерекелердің бірі – құрылысшылар күні. Атау­лы күн қарсаңында аудан әкімі сала мамандары мен ардагерлерін қабылдап, сый-құрмет көрсетті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев­тың тапсырмасымен өңірде ау­қым­ды жобалар жүзеге асырылуда.

Ауданда да құрылыс қар­қыны бәсеңдеген жоқ. 2025 жылдың І жартыжылдығында құрылыс жұмыстары 44,4 пайызға артып, көлемі 12,6 млрд теңгені құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 10 225 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,2 пайызға артық орындалды. Өткен жылы облыстық бюджеттен 2,1 млрд теңге қаржы бөлініп, аудан орталығында халық­­тың әлеуметтік осал топтарына 144 пәтердің кілті табысталды. Аудан орталығында биыл «Руханият» орталығы бой көтеріп, пайдалануға берілді. Бүгінде Шаған ауылындағы дәрі­герлік амбулатория, Сәкен Сейфуллин ауылындағы №137 орта мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өткізілуде.

Құрылыс – адамзат баласы жер бетінде пайда болған ежелгі дәуірден бастап дамып келе жатқан жасампаз кәсіп. Бұл салада еңбегі адал, қабілетті мамандар жұмыс істейді. Құрышқол құрылысшылар күннің ыстық-суығына қарамай атқарған адал еңбектерінің арқасында хал­қымызды қуанышқа кенелтіп, елдің сәулетіне сәулет қосуда. Сіз­дерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтап, ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасы­ларыңызға аман­дық, еңбек­теріңізге толағай табыс тілеймін! – деді аудан әкімі Берік Сәрменбаев.

Мерекелік іс-шарада ауданы­мыздың өсіп-өркендеуіне, әлеу­­меттік нысандардың бой кө­теруіне ерекше атсалысқан аза­­­­мат­тарға, майталман маман­дарға «Құттықтау» табысталды.

Өз кезегінде аудандық арда­герлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, құрылыс сала­сының ардагерлері Құдайберген Шыманов пен Нәзтай Тілемісова мерекелік лебізін білдіріп, іс-шараны ұйымдастырушыларға риза­­шылығын жеткізді.


«Тт» ақпарат

09 тамыз 2025 ж. 155 0