Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

№ 52 газет

15 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар...

Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар...

«Тәртіпке бас иген құл болмайды» дейді дана халқымыз. Бірақ дәстүр мен дертті, заң мен жаңашылдықты айыра алмайтын тұстар әлі күнге кездесіп жатады. Бүгінгі мәселе – қыз алып қашу туралы болмақ.

Иә, бұрынғының 80 па­йыз жұбы алып қашу жолымен үйленіп, үй болғаны белгілі. «Одан жаман болған жоқпыз» деуі мүмкін бәзбіреулер. Десек те дәл солай үйленгеннің бәрі бірдей бақытты болған жоқ, оны да ескеру қажет.

Ал енді елімізде қыз алып қаш­қаны үшін жауапкершілік бұрын­ғыдан да күшейе түспек. Заң мен тәртіп бұған дейін де болған. Бірақ көпшілік бұрынғының салтын алға тартып, алып қашуды азайтпай тұр. Енді күштеп алып қашу нағыз қылмысқа баланатын болады. Жақында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қыл­мыстық заңнамасын оңтай­ландыру мәселелелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Респуб­ликасының Заңына қол қойды. Заңмен Қылмыстық, Қыл­мыстық-процестік, Қылмыс­тық-атқару кодекстеріне, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне, «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» және басқа да заңдарға түзету енгізілді. Түзетулердің бірінші блогы қылмыстық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз етсе, екінші блок қылмыстық заң­наманы жетілдіруді және кейбір қоғамдық қауіпті әрекеттер үшін жауапкершілікті арттыруды көздейді. Ал үшінші блок қыл­­мыстық процесте азамат­тардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, қылмыстық процесті оңтайландыруға бағытталса, төр­тінші блок қылмыстық-атқару заң­намасын жетілдіруге арналған.

Енді сөзді біз қозғап отырған та­қырыпқа ойыстырсақ. Қазақстан Рес­пуб­ликасының Қыл­мыстық ко­де­к­­­сіне жаңа 125-1-бап ен­гізілді. Ол «Неке қиюға мәжбүрлеу» деп аталады. Аталған бап бойынша қалыңдық ұрлауға байланыс­ты жауапкершілік бірнеше есе кү­шейді. Бірінші бөлім бойынша 2000 АЕК (7,8 млн тг) немесе 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, екінші бөлім бойынша қорқыту, күш қолдану, кәмелетке толмағандарды тарту негізінде 3-7 жылға дейін бостандықтан айыру, үшінші бөлімде жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келсе немесе өлім жағдайы болса, 5-10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Сондай-ақ аталған мәселеде медиация шешім бола алмайды. Тараптардың татуласуы жауап­кершіліктен босатпайды. Себебі заң баршаға ортақ.

Мәселені біржақты қарауға болмайды. Қыз алып қашу, мәжбүрлі некені салт-дәстүр деп қабылдау ескі түсінік. Қазір де келісіммен алып, үйленуге болады. Тек екі тараптың той жасауға мүмкіндігі, қос тараптан қарсылық болмаса ғана. Бұл тек ұзату, той, құдалық дейтін бітіспес шығынға байланыс­ты болмақ. Ал қыз көңілінің кілтін таппай, қара күшке салатындар ендігіден әрі жазадан сытылып кетпейді.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
Фото: Н.Нұржаубай

22 шілде 2025 ж. 109 0