Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

№ 52 газет

15 шілде 2025 ж.

№ 51 газет

12 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Бизнесті дамытудың тетігі – ұтымды жоба

Бизнесті дамытудың тетігі – ұтымды жоба

«Еңбек Қызылту ор­ден­ді» Шіркейлі ауы­лының халқы қашанда ризық-несі­бесін жерден теріп, Сыр маржаны арқылы даңқын көкке өрлеткені мәлім. Бүгінде осы ауыл­да шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ба­ғыт­талған біршама жұ­мыс атқарылуда. Ке­ше Шіркейлі ауылдық мәде­ниет үйінде «Адал адам» мәдени-тәрбие ор­та­­лы­ғының «Креативті хаб» жобасы аясында ауқымды іс-шара ұйым­дастырылды.

Кәсіпкерлік саласының дамуының негізгі бағыты – жергілікті бизнес иелерінің бастамасы мен жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік беру болып табылады. Жылдар бойы бизнес көзін жетілдіріп, табыс көзін еселеген шіркейлілік кәсіпкерлердің заманауи бағытта қолға алған өнімдері арнайы көрме ретінде ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Жаңашылдық пен табыс: креативті кәсіпкерлер дәуірі» тақырыбында дөңгелек үстел форматында жиын өтіп, кәсіпкерлердің бизнес тетіктері сараланды. Жиында аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің маманы Ғани Үсенбаев сөз сөйлеп, жергілікті кәсіпкерлердің жұмы­сына сәттілік тіледі.

– Бүгін ерекше іс-шараның куә­гері атандық. Жылдар бойы тынымсыз еңбегімен дараланған әр­бір кәсіп иесі бизнесінің даму тетігін қарастыруда. Мемлекеттік бағ­дар­ла­малар шеңберінде кәсібін қар­жы­лан­дырған олардың жұмысында айрықша серпін бар. Осындай жобалардың шеңберінде алдағы уақытта көпшілікке кәсіпкерлердің еңбегін көрсете білгеніміз аян. Қазіргі заманғы экономиканың қозғаушы күші – кәсіпкерлік. Кез келген кәсіпкерлік жоба – бұл нақты бизнес-идеяны жүзеге асыруға бағытталған жүйелі жоспар. Ол шағын бизнестен бастап, инновациялық стартаптарға дейін әртүрлі салаларды қамтуы мүмкін. Шағын және орта бизнес өкілдері өз жобасына инвестиция тартып, нарықтық заманға бейімделуі – маңызды, – деді Ғани Үсенов.

ЖК «Нұрбибі» термопанель «Шіркейлі Фасад» өндірісі басшысы Пазылбек Әбіш, ЖК «Нұрару» сүт өнімдерін өндіруші Гүлзат Жұмабек, «Нұриман» нан өнімдерін өндіруші Нұргүл Оспанова, ЖК «Самға» сабын өндірісі басшысы Нұртуған Батаев секілді бірнеше кәсіпкер өз өнімдерін таныстырып, кәсіп ашудың негізгі әдіс-тәсілін жиналған жұртшылыққа таныстырды. Өз кезегінде Шіркейлі ауылдық мәдениет үйінің директоры Мақсұт Әбсадықов алдағы уақытта да мұндай жобалар жүзеге асатынын жеткізді.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
19 шілде 2025 ж. 147 0