Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Білім алу – әрбір мұсылманға (ер мен әйелге) парыз» деген. Мемлекетті құраушы күш оның азаматтары десек, әр адам бәсекеге қабілетті болу үшін үздіксіз дамып, өзін-өзі жетілдіріп отыруы тиіс. Озық ақпараттық технологиялар билік құрған заманда бәсекеге қабілетті жекелеген мемлекеттер ғана алпауыттарға жұтылмайды.
Ислам Құран мен сүннетке негізделген діни ғылымдармен қатар зайырлы білім алуға да үндейді. Мұсылмандар мемлекеттің білім беру саласындағы заң талаптарын орындауды өздерінің басты міндеттерінің бірі деп біледі және балаларының орта білім алып, жан-жақты дамып-жетілуіне, жоғары оқу орындарында таңдаған мамандықтарына сәйкес жалғастыруға кедергі келтірмейді.
Абай атамыз «Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез» деп білім алуға үндеген. Білімділік мына белгілермен айқындалады:
• Ізденімпаз
• Ыждағатты
• Зерделі
• Жасампаз
• Дарынды
• Зияткер
• Кәсіби
А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден