Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Ағаштар бір-бірімен сөйлесетінін сіз білесіз бе?

Ағаштар бір-бірімен сөйлесетінін сіз білесіз бе?

Иә, бұл ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Ормандарда ағаштар жай ғана қатар тұрған тіршілік иелері емес — олар бір-бірімен «қатынас» жасап, тіпті бір-бірін ескертеді. Бүгінде ғалымдар бұл құбылысты «wood wide web» — яғни, ағаштар арасындағы ғаламтор деп атайды.

Ағаштар жер астындағы саңырауқұлақ жіпшелері арқылы бір-бірімен байланысады. Бұл жіпшелер — микориза деп аталады. Олар тамырлармен бірігіп, үлкен бір экожүйелік желі қалыптастырады. Осы желі арқылы ағаштар су, қоректік заттар, тіпті химиялық сигналдармен алмасады.

Мысалы, егер бір ағаш зиянкестер шабуылына ұшыраса, ол жақын маңдағы ағаштарға «қауіп бар» деген белгілер жібере алады. Нәтижесінде, сол ағаштар жапырақтарына қорғаныс заттарын шығарып, шабуылға дайын тұрады. Бұл — нағыз табиғи бірлік пен өзара көмек.

Кейбір зерттеулер ана ағаштар мен «балалары» арасында ерекше қарым-қатынас болатынын анықтаған. Ана ағаш балаларына көлеңке, қорек, су беріп, олардың аман қалуына жағдай жасайды. Керісінше, үлкен ағаштардан сигнал алған жас ағаштар да ана ағаштың әлсірегенін байқаса, оған көмектесу үшін өздерінің қорегін бөліседі.

Бұл құбылыс — табиғаттағы үндемейтін, бірақ терең байланыс әлемінің көрінісі. Ағаштар бір-бірімен жарыспайды, керісінше — бірге өмір сүрудің даналығын көрсетеді. Орманда серуендегенде, айналаңа басқа көзбен қарап көр. Әр ағаш — бір-бір әлем. Олар сөйлей алмайды, бірақ өз тілдерімен өмірге үн қосады. Табиғатта адамзат үшін үлгі болатын үндестік пен ынтымақ осындай көріністерден басталады.

Мұрат Алтынай
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 4 курс студенті
Фото: Ашық дереккөзден
29 сәуір 2025 ж. 440 0