Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№73 газет

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 газет

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қазалыда «Көктемгі көшет» тал егу акциясы ұйымдастырылды

Қазалыда «Көктемгі көшет» тал егу акциясы ұйымдастырылды

Қазалыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі қарсаңында «Көктемгі көшет» тал егу акциясы ұйымдастырылды. Оған аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет қатысып, игі бастамаға қолдау білдірді.

Аудан орталығы – Әйтеке би кентінде өткен акцияға түрлі сала қызметкерлері мен белсенді жастар және еріктілер қатысып, орталық көше бойын көшетпен көмкерді. Мұнан бөлек, кенттің бірнеше аумағында ұйымдастырылған шараға көше комитеттері мен тұрғындарда қатысып акция асында қарағаш, сырталы сынды барлығы 100-ге жуық жас көшеттер отырғызылды.

Айта кетейік, мереке қарсаңында қазалылықтар тал егумен қатар тазалық шараларында ұйымдастырып, экологиялық акцияға белсенді үлес қосуда.

Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото:Өңірлік коммуникациялар қызметі 
14 наурыз 2025 ж. 167 0