Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№14 газет

22 ақпан 2025 ж.

№13 газет

18 ақпан 2025 ж.

№12 газет

15 ақпан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
» » Кешіккен махаббат (аударма)

Кешіккен махаббат (аударма)

Әкесі ерке ұлының қылығын бұдан әрі көтере алмайтындықтан оны ауруханаға жұмыс істеуге әкелді. Бұл жағдай жас жігіттің өмірін мүлдем өзгертті.

– Әке, сіз шынымен айтып тұрсыз ба? Мен бұл жерде жұмыс істемеймін!

– Жұмыс істейсің, Паша. Қарсылық білдіруді ойлама да. Осылай жалғастыра беретін болсаң, мен сенен теріс айналамын, содан соң өз мәселеңді өзің шешетін боласың. Сен осы уақытқа дейін бізді қаншама ұятқа қалдырдың, ойланшы.

Павел күрсініп, теріс айналды. Әкеме не болған? Бұрын бәрі оңай еді ғой: әкем көп сөзге келмей баласы үшін барлық нәрсені жасай беретін. Әкесі қандай жағдай болмасын оны алып шығатын, тіпті жағдай ушықса отбасылық досы – полицияның бастығына айтса да көмектесетініне сенетін. Бірақ қазір әкесі «есінен адасқан» секілді.

Иә, бұл жолы Пашка шын мәнінде асыра сілтеді: полицейдің мұрнын сындырды және соңы жол апатымен аяқталған полиция машинасымен жарысқа түсті. Сондықтан болар әкесі полиция бастығымен оған ерекше жаза беруге келіскендей.

Паша аурухананың сұр тартқан ғимаратына қарап, күрсінді. Осыдан бес жыл бұрын ол медициналық институтты бітірген еді. Соңғы оқу жылында оқуды ұмытқан ол тек ойын-сауық құрды. Әкесінің ақшасы емін-еркін сауық құруға мүмкіндік беретін. Бала кезіндегі дәрігер боламын деген арманы күл болды.

– Мен мұнда кім болады екенмін? Тым болмаса бас дәрігер болатын шығармын? – деді әзілдеп ол.

– Таппадың, балам. Сен ең төменгісінен бастайсың – санитар боласың. Мүмкін осы жерден өзіңе жақсы қыз табарсың, сені жақсы әдетке үйрететін.

– Не дейсің? Әке, сен мазақ етіп тұрсың ба? Жұрттың горшоктарын тасимын ба не?

– Қажет болса, горшоктарын да тасисың. Өз уақытыңды тек кафедегі стакандарға жұмсаумен өткізгелі ешқандай пайдалы нәрсе жасамадың. Есіңде сақта: меңгерушіден бір ескерту болса темір тордың арғы жағына барасың. Анаң сенің мұндай халге түскеніңді білмейді... Білмегені де дұрыс.

Бұл сөздер Пашаға төбеден түскен найзағайдай соққы болды. Ол ішінде ашу мен ызаның қайнап жатқанын сезді.

– Сонда сен мені енді ештеңе өзгертпейді деп ойлайсың ба? Мен сенімсізбін бе?

– Дәл сондайсың. Сен жалқау ғана емес, ақымақ жалқаусың. Сенде нағыз дос та жоқ, тек қана жатыпішерлер. Мен ешқашан баламның осындай босбелбеу болатынын ойламаппын.

Абдырап қалған баласын осы жерге тастап, Иван Николаевич бұрылып, кетіп қалды.

Пашаның басында таңданыс пен ашу араласып жатты: бұл қалай болды, бұрынғы жылы қарым-қатынас суық айыптауға айналғаны ма?

Нина Сергеевна олардың әңгімесін кездейсоқ естіп әдейі, еріксіз ойланып қалды. Ол әкелі-балалының арасындағы әңгімені әдейі тыңдауды ойлаған да жоқ, бірақ Иван Николаевичтің атын естіген кезде, орнынан тапжылмай тыңдады. Себебі ол кісі баласын жұмысқа тұрғызғаны үшін ауруханаға жаңа медициналық құрал-жабдық сыйлады.

«Тағы бір байдың баласы, барлығын бірден алғысы келеді» деп ойланды бас дәрігер. Оған мұндай адамдар түсініксіз болатын: үлкен мүмкіндіктері бар, бірақ өмірге деген немқұрайлығы басым. Шетелде оқып, бизнес жасап, белгілі тұлға болса да өз еріктерінде. Ал ол бос өткен өмірді қалады.

Нина өмір бойы өзі тіртінектеп келеді. Кедей отбасында өсті, ата-анасы алкогольге жақын, ішкіш еді, ал ол кіші бауырларына қамқор болды. Жұмыс істеді, кешкісін оқыды, тамақтан үнемдеді. Қазір қырық жаста бас дәрігер болды. Бірақ отбасының жоқтығы мен жақын адамының болмауы осы жеткен жетістігінің ешбірінің орнын толтырмайды.

«Ал, жақсы, жұмыс істесін. Бірақ ұзаққа бармайды», деген оймен жаңа қызметкеріне қарады. Оның жасы отызға таяп қалған, сауық-сайран мен қыдырудан басқасын түсіне де алмайды.

Жұмыс уақыты аяқталды. Нина ақ халатын шешіп, жан-жағына, тып-тыныш аурухана дәлізіне қарады.

Бұл күн ешқандай оқиғасыз өтті. Ол жаңадан келген санитарға назарын аударды. Санитар жас, өз-өзіне сенімді болатын, тіпті бірнеше медбикенің назарын да өзіне аудартып үлгерген. «Тағы бір сұлу жігіт, аңғал қыздардың басын айналдыратын болды» деген оймен сәл күрсінді. Ондай адам сенімді күйеу болмайды.

Кафеде оны бұрынғы құрбысы Ольга күтіп отырды. Олар жұмыстан кейін осылай кездесетін, бір аптада жиналып қалғанды талқылайтын. Ольга да Нина сияқты өмірін мансапқа арнаған жан: оқуын бітірді, тынымсыз жұмыс істеді, қазір қалада белгілі адвокат болып жұмыс істейді. Екеуінде де жеке өмірге де, балаға да уақыт болмады. Ольга өздерін «дұрыс емес» әйелдерміз деп арагідік әзілдейтін.

Үстіне тонын киіп, Нина кабинеттен шықты. Екі қадам жасамай-ақ оны біреу таптап кете жаздады. Нинаның жүрегі ұша жаздады, бірақ біреудің мықты қолдары оны құлатпай ұстап қалды.

– Кешіріңіз! – деген дауыс естілді, кездейсоқ соқтығысқанына ұялмайды да, жігіт тым көңілді болатын.

Нина көзін жоғары көтергенде, оның көзі екі жарқын қоңыр көзбен кездесті, оның көзқарасынан ешқандай өкініш байқалмады. Керісінше, олар оған қызығушылықпен қарап тұрды.

– Сіз не істеп тұрсыз? – деді ашуланып Нина.

Бұл Паша – жаңа санитар болатын. Нинаның басынан аяғына дейін мұқият қарап, тіпті ысқырып та жіберді.

– Кім білген, міне, ғажап, мұндай адам аяғы баспайтын жерде сұлулар да кездеседі екен! Мені атым Паша, ал Сіздің ше?

Нина оның тым еркінсінгеніне ұялды. Оның қолдары оны әлі де қатты ұстап тұрған болатын.

– Дереу босатыңыз!

Босатылған соң ол оны жазаламақ болды, бірақ ол күліп жіберді.

– Ашу әйелді әдемі етіп жіберетінін бірінші көруім. Көзіңіз қандай әдемі! Жанарыңыздан күйіп кетуге болады. Ертең кешке не істейсіз?

Нина тапжылмай тұрып қалды. Ол деген бас дәрігер! Оның алдында жұмысшысы өзін осылай ұстауға қалай батылы барады? Бірақ оның есіне үстіндегі қымбат тоны мен биік өкшелі аяқ киімі түсті, оның қызметі жазылған бейджигі жоқ емес пе?

– Барыңыз жұмыс істеңіз, – деп есікке қарай беттеді, шығуға асықты, бірақ оның артынан жігіттің қарап тұрғанын сезді.
Ольга оның ұялып отырғанын байқады.

– Нина, не болды?

– Айтарлықтай ештеңе, – деді Нина.

– Өтірік айтпа маған. Мен сені білемін. Көзің жанып тұр, бетің қызарып... Сен ғашық болып қалғансың!
Нина күліп жіберді:

– Оль, сен есіңнен адастың ба?!

– Жарайды, мүмкін артық кеткен шығармын, – деп күлді Ольга. – Бірақ алғашқы әсер сондай секілді.

Нина өзінің жаңа санитармен таныстығы жөнінде әңгімелеп берді.

– Енді? Тым болмаса әдемі ме? – деп сұрады Оля.

– Қайдағы... Отызға да толмаған, – деп күрсінді Нина.

– Не қылады дейсің? Біздің заманда он жыл деген тіпті ештеңе емес. Саған ешкім отыздан артық бермейді.

– Қойшы, Оля! Бұл жайында ойланғым да келмиді.

– Бекер. Біз екеуміз енді жас емеспіз. Өмірден мүмкіндігіміз барда барлығын алып қалуымыз керек.

Келесі күні Нинада демалыс болды. Әдетте демалыс күнді ол ауруханада өткізетін – құжаттарды тексеріп, жоспарлаумен айналысатын. Оның отбасы жан-жаққа кеткен. Бауырлары басқа қалаларда орнықты, ата-анасы ішімдіктің кесірінен өмірден ерте кетті. Енді оның өмірінің мәні тек жұмыс болды.

Таңертең Нина ерекше сезіммен оянды. Ол бірінші рет жұмысына барғысы келмеді. Оның ойына Ольганың: «Өзің үшін де өмір сүру керек» дегені келді. Сондықтан ол бүгінгі күнді өзіне арнағысы келді.

Сұлулық салонына ертелетіп барды да көптен бері ойға алған ойын – шаш үлгісін өзгертуді қолға алды. Содан кейін сауда орталығына барып, бірнеше киім сатып алды. Көптен бері армандап жүрген жеңіл көйлек, ашық түсті жейде мен бірнеше ұсақ-түйек алды. Қолында үш үлкен пакетімен дүкеннен шығып бара жатқанда Пашамен тағы да соқтығысып қала жаздады.

– Бикеш, қайда қарап тұрсыз? – деген дауыс оның арқа тұсынан естілді.

Ол алаңдаған күйі жүргінші жолмен емес, үлкен жолмен жүріп барады екен. Нина теріс бұрылғанда, күлімсіреп тұрған адамды таныды.

– Бұл сіз бе? Танымай қалдым! Кешегі күннен бері бірдеме болды ма... Сіз одан сайын сұлуланып кетіпсіз, – деген ол оның қолындағы заттарды дереу алды. Нинаның қарсылық білдіргеніне қарамастан, Паша пакеттерді алып, онымен қатарласып келе жатты.

– Мынаның барлығын қалай көтергенсіз? Мұнда бір гардероб зат бар ғой!

Нина абдырап қалды. Олар оның машинасының жанына келді. Бірақ «Жук» басқа көліктермен кептеліп қалған екен. Олардың егелері жақын маңнан көрінбеді.

– Такси шақырайын ба? – деді Паша ұсыныс айтып.

– Керек емес, өзім бірдеңе қылармын, – деді Нина қарсылық білдіріп.

Бірақ ол батыл шешіммен:

– Өзім апарып саламын.

Нина заттарын алайын деп ыңғайланғанда, ол оның көзіне тіке қарап былай деп сұрады:

– Сіз не, менен қорқасыз ба?

Нинаның денесі күйік шалғандай ысып кетті.

– Сіз не айтып тұрсыз!

Бұл жағдайға қалай тап болғанын түсінбей ол оның жол талғамайтын көлігінде отырды.

– Мүмкін кешкі ас ішерміз? – деп Паша аяқастынан ұсыныс айтты.

– Жоқ, – деп қысқа қайырды Нина.

– Неге? Бұл сондай қорқынышты ма?

Ол не деп жауап берерін білмей, абдырап қалды. Паша қарсылыққа қарамастан мейрамхана жанына тоқтады.

***
Үш айдан соң Нина оның өмірін өзгерткен, ұйықтап жатқан Пашаға қарап, таңғалды. Тоғыз жас айырмашылық көп те емес секілді. Ол оның әлемінің бір бөлшегіне айналды. Дегенмен оның ішкі түйсігінде оның қатал әкесі не дейді деген мазасыздық болды.

Жұмыста әріптестері әңгімелегенімен Нинаға бәрібір еді. Бір ғана уайым – Иван Николаевичтің бұл қарым-қатынасқа қалай қарайтыны. Павелдің айтуынша, оның әкесі ашуланғанда қырсық, тіпті қауіпті болады. Бірақ Паша айтарлықтай жаман адам болмады. Ол өзінің жағдайына қарамастан санитар болып жұмыс істей берді. Науқастар оны жауаптылығы және көпшілдігі үшін жақсы көрді, ол аурухананың бір бөлшегіне айналды.

Бір айдан кейін оның «жазасы» аяқталуы керек еді. Нина олардың арасындағы «махаббат хикаясы» оның осы мерзімімен аяқталатынын түсінді. Бірақ Нина тағдырына риза еді, себебі ол нағыз сезімнің қандай болатынын басынан өткізді. Жақында ол тағы бір жаңалықты білді: ол ана болады. Қолын ішіне басып, Нина күлімсіреді. Енді онда өзімен бірге қалатын баға жетпес байлығы бар.

Олардың қоштасуы қысқа әрі ыңғайсыз болды. Паша оның кабинетіне аяқ астынан кіріп келді.

– Нина, мен бәрін рәсімдедім. Кетуге дайынмын.

– Жақсы. Саған сәттілік тілеймін, – деді ол, сабырлы болуға тырысып.

Паша оған мұқият қарады.

– Сен енді біз көріспейтіндей айтып тұрғандайсың.

Нина көз жасын әрең тыйып тұрды.

– Олай емес пе? Сенің түзелу жазаң аяқталды. Біздің өміріміз әртүрлі, Паша.

– Нина...

– Жай ғана кете бер. Қиындатпа. Ұзақ қоштасудың қажеті жоқ.

Паша үндеместен шығып кетті. Ал Нина бетін алақанымен жауып орнына отырып қалды.

Екі күннен кейін есік қоңырауы соғылды. Есік алдында Иван Николаевич тұр еді. Оның көзқарасы сондай қатал болатын.

– Пашаға бірдеңе болды ма? – деді Нина мазасыздана.

– Пашаның жағдайы жақсы. Бірақ ол өзіне ана болуға жарайтын әйелге үйленемін деп қайдағы жоқты айтты, – деді кенеттен.

Нина ештеңе түсінбей қалды. Кенет оның жүрегі қатты соға бастады.

– Түсінбедім... Кім туралы айтып тұрсыз?

– Ештеңе білмейтіндей кейіп танытпаңыз! Сіз үлкен әйелсіз, тәжірибелісіз, ал ол бар болғаны бала. Сізге ойын не керек? Ақша үшін бе? Тек көңіл көтеру үшін бе?

Нинаның шыдамы таусылды.

– Олай айтуға қандай хақыңыз бар?!

Пашаның әкесі оны әрі қарай сөйлетуге де мұрша бермеді:

– Сізді баламның жанынан тағы да көретін болсам, жұмысыңыздан айырыласыз. Сізді ешкім қызметке қабылдамайтын болады, – деді зекіп.
Нинаның басы айналып, аспан жерге түскендей болды, ол есінен танып құлады.

***
Нина бетіне біреудің қолы тигенін сезіп, есін жиды. Оның көз алдында уайымға түскен Паша тұрды.

– Сәлем. Қалайсың? Біз әкеміз екеуміз төбелесе жаздадық. Ол көмектескісі келген екен. Ал мен болсам ол сені ренжіткен екен деп ойлаппын.

– Ол сені кешірмейді ғой, – деді сыбырлап.

– Кешірді. Ол біздің арамызда байыпты ешнәрсе жоқ деп ойлапты. Сенен кешірім сұрау үшін кештеу кіріп шығамын, – деді.

Нина күлімдегенімен оның ойында сенімсіздік басым еді.

– Паша, сен неге келдің?

– Сенімен бірге болу үшін, – деді мүдірместен Паша. – Маған тұрмысқа шық.

Нина басын шайқады.

– Бұлай ету мүмкін емес. Біз екеуміз тым ерекшеміз, әртүрліміз.

– Тоғыз жыл – шын махабаттан бас тартуға себеп пе?

– Сен қырыққа келгенде, мен елуде боламын, – деді Нина қарсылық білдіріп.

Ол күліп жіберді.

– Ендеше мен сақал өсіремін, егделеу көріну үшін!

Осы сәттің маңыздылығына қарамастан, Нина еріксіз күлді.

– Паша...

– Иә?

– Менің аяғым ауыр. Біз балалы боламыз.

Паша оған ұзақ қарап тұрды да, құлағына жай сыбырлады:

– Сен ең бақытты әйел болуға лайықтысың. Ол үшін мен барлығын жасаймын. Мінсіз әке болуға уәде беремін.

Бибісара ЖАНӘЛІ
Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ
22 ақпан 2025 ж. 84 0