Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

29 сәуір 2025 ж.

№ 30 газет

26 сәуір 2025 ж.

№ 29 газет

22 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жергілікті мердігерлерге басымдық беріледі

Жергілікті мердігерлерге басымдық беріледі

Биылғы жылдан бастап мемлекеттік сатып алу туралы заңға енгізілген өзгерістер сатып алу процесінің ашықтығын арттыруға, тиімділігін жоғарылатуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов айтты.

– Конкурстарды өткізу мерзімі 45 күнтізбелік күннен 10 жұмыс күнге азайды. Жергілікті мердігерлерге басымдық беру тәртібі қайта қаралып, облыс аумағында тіркелген мердігерлерге берілетін жеңілдік көлемі 1-ден 2%-ға дейін ұлғайтылды. Өзгертілген жаңа заңда мердігерлер үшін шектеулер күшейтілді. Қосалқы мердігерге берілетін жұмыстардың көлемі 50-ден 30 пайызға төмендетілді, - деді Данияр Еренғалиұлы.


Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
19 ақпан 2025 ж. 154 0