Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 57 газет

02 тамыз 2025 ж.

№ 56 газет

29 шілде 2025 ж.

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Жаңа заңнаманы іске асыру мәселелері қаралды

Жаңа заңнаманы іске асыру мәселелері қаралды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заңнаманы іске асыруға қатысты арнайы жиын өткізіп, жауапты сала басшыларына, аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.

«Парламент Мәжілісінің депутаттарына «сақалды» құрылыстар бойынша мердігерлердің жауапкершілігін арттыру жөнінде айтқан ұсыныстарымыз жаңа заңда қолдау тапты.

Атап айтқанда, шарттық міндеттемелерді кешіктіргені және орындамағаны үшін сот шешімі шықса, сол мердігерлер 2025 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайды. Сонымен қатар, алдағы жылдан бастап бюджет қаржысы есебінен салынатын құрылыстарға барынша жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыруымыз керек. Бұл ретте, құрылысқа қосалқы мердігер тартуға тыйым саламын. Сондай-ақ, сапаға баса назар аудару керегін тағы да ескертемін.

Мемлекеттік сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлыққа, мүдделер қақтығысына жол бермеу бағытындағы шараларды күшейтіңіздер. Әсіресе, бір көзден сатып алуға тұрақты мониторинг жүргізіңіздер. Конкурстарды ұйымдастыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және болдырмау үшін профилактикалық шаралар қабылдаңыздар», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
29 қараша 2024 ж. 202 0