14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні

- Кітап деген - адамның ақыл-ойының жемісі. Әрине кітапқұмарлар бар, сақтайтындай бар, фанаттар бар. Ол түсінікті. Бірақ халыққа көптеп жеткізу керек. Мысалы жапондарды мықты халық деп қабылдаймыз ғой. Ал жапонның бір оқушысы жылына 70 кітап оқуға міндеттелген.Әбділдә Тәжібаев атындағы кітапханамызда да акциялар жиі өтіп тұрады. Біз насихаттай беруіміз керек. Кітап оқу мәдениетін қалыптастыруымыз керек,- деді Нұрболат Кәрібозұлы.
- Ең алдымен кітап сыйлау күнімен сіздерді құттықтаймын. Кітап құрттары клубы туралы айтатын болсам. Біз 2019 жылы 10 адамнан бастап ашылдық. 6 жыл ішінде клуб мүшелерінің де қатары артты. Біздің де мақсатымыз кітапты насихаттау ғой. Қазірде QYZYLORDA арнасында екі жобамыз бар. 10-11 сыныптарға арналған интеллектуалды “Ziyatker” сайысы және қалада кітап оқуға ынталы жандармен сұхбатқа құрылған “Велософия” хабары. Осындай жұмыстардың басында жүрміз,- деді Нұрболат Олегұлы.
- Қазіргі таңда өздеріңіз білесіздер, бизнеске бағытталған кітаптардың жарнамасы жоғары болғандықтан, көркем әдебиеттің жанында жоғары қолданысқа еніп кетеді. Дегенмен көркем әдебиетті оқыған адам оның пайдасын анық біледі. Өзіңмен бір қызығушылықтағы жастармен жолыққанда, олармен бірге даму жолына түсесің. Менің кітаптан тапқан пайдам осы,- деді Ізбасар Төлеубекұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі