Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

29 сәуір 2025 ж.

№ 30 газет

26 сәуір 2025 ж.

№ 29 газет

22 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылордалық полицейлер өңірде есірткіге қарсы акциялар өткізді

Қызылордалық полицейлер өңірде есірткіге қарсы акциялар өткізді

Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастамаларын қолдай отырып, облыс оқушылары мен студенттері салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған есірткіге қарсы акциялар өткізді, деп хабарлайды Кyzylorda-news.kz.

Облыстың оқу орындары «Біз есірткіге қарсымыз!» ұранын ұстана отырып, акция барысында есіркіге қарсы үгіт бригадалар үндеуін, концерттік бағдарлама, есірткіге қарсы профилактикада ерекшеленгендерді алғыс хаттармен марапаттау, есірткіге қарсы би – театр қойылымдар бағдарламалары мен әндер орындап, полиграфиялық өнімдерді таратып, әлеуметтік роликтерді көрсетіп , тағы да басқа іс-шараларды іске асырды.

Ұйымдастырылған іс-шараларға 2000-нан астам көрермен, ұйымдастырушылар мен қатысушылар қатысты. Есірткіге қарсы үздік акцияларды Арал ауданының №62 мектеп-лицейі, Сырдария ауданының №37 мектеп – лицейі және Жалағаш ауданының №118 орта мектеп оқушылары дайындады.
14 ақпан 2025 ж. 212 0