Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№73 газет

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 газет

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Тәртіпті өзіңнен баста» республикалық акциясы аясында жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті

«Тәртіпті өзіңнен баста» республикалық акциясы аясында жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Қуаныш Ахметқалиев Бесарық ауылына барып, ұстаздар және мектеп оқушыларымен кездесті.

Алдымен, департамент басшысы елді мекендегі жаңадан салынған спорт кешені жұмысымен танысты. Аудан әкімі Берік Сәрменбаев және Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төрәлиев спорттық нысанның жұмыс барысы туралы айтты.

Республикалық «Тәртіпті өзіңнен баста» акциясы аясындағы кездесуде департамент басшысы Қуаныш Ахметқалиев жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу шаралары туралы ақпарат беріп, сыбайластыққа қатысты жауапкершілік күшейтіліп жатқанын жеткізді. Жастар сапалы білім алса, жемқорлыққа жол берілмейтінін атап өтті.

Өз кезегінде сала ардагері Бақытжан Ниязов республика көлемінде «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде «Тәртіпті өзіңнен баста» акциясы жүргізіліліп жатқанын, оның мақсаты – азаматтарды жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауға ынталандыру және мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыру екеніне тоқталды.

Кездесу барысында аудан басшысы жемқорлықпен қоғам болып күресу керектігін атады.
— Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселелердің бірі. Барлық күш-жігерімізді біріктіріп, қоғам дертімен күресуіміз қажет. Сондықтан барлығыңызды жұмыла жұмыс жасауға шақырамын, - деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Кездесуде оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, естелік суретке түсті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

30 қаңтар 2025 ж. 216 0