Тәртіп – тәрбие бастауы

Қоғамдағы осындай мәселені азайту мақсатында ауданда «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Қаңтар айының 20-сынан басталған жұмыстар 29-на дейін жалғасын табады. Десек те зорлық-зомбылық мәселесімен күрес ұдайы жалғасын табуы қажет.
– Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды уақытылы анықтау. Іс-шара барысында мас күйде жасалған тұрмыстық қылмыстардың жолын кесуге ерекше назар аударылады. Мерзімді уақыт аралығында екі құқық бұзушыға сотпен алкогольдік ішімдік ішпеуге ерекше талап қойылды, екі жанұя жанжалын шығарған құқық бұзушыға қорғау нұсқамасы шығарылды, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен 10 азаматқа айыппұл салынса, 442-бабының 2-бөлігіне сәйкес 9 ата-анаға ескерту жасалды. Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылық куәгері немесе құрбаны болсаңыз, өңірімізде 102 телефоны және 111 сенім телефондарына жүгіне аласыздар, – дейді Сырдария аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция бөлімі қызметі бөлімшесі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны А.Коштаева.
Сонымен қатар аудандық прокуратура отбасын қолдау орталығының мамандарымен бірлесіп, тұрғындарға және есепте тұрған азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
«Тт» ақпарат
Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ