Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғасыр батыры ертегісі

Ғасыр батыры ертегісі

Менің есімім Жәңгір, менің жасым 16 да. Мен 21 ғасырдың батыры емес, қарапайым азаматымын. Біздің өмір тым қарапайым, ойнап жатқан бала, кітапқа құмар адамды көрмейсің. Барлығы бір нәрсеге байланғандай.

Бір күні үйден зерігіп аулаға шықтым. Далада балалар жоқтың қасы. Анда бардым, мында бардым ешкім жоқ. Кенет бір ескі үйдің артынан күлген, түсініксіз дауыстар шыға бастады. Мен ол дауысты менің бала кезден бергі досым Бекайдардың дауысына ұқсаттым. Қуанып кетіп барғанда, қуанышыма су себілгендей басылып қалды. Өз көзіме өзім сене алмай қалдым. Ол жерде бір топ балалар отыр екен. Жан жақта алкаголь бөтелкелері, шылым, және аты шулы зұлым зат наша болды. Оны көріп көзім жанарынан шығардай күйде болды.

Күлімхан деген апайымыз өмірде зиянды, зиянкес адамдардан аулақ жүріңдер. Ел болашағы сендердің қолдарыңда. Мен сендерге сенемін деуші еді ,ал досымды бұл зұлым заттың құрбаны болады деп үш ұйықтасамда түсіме кірмеген еді.

Бекайдар: Охо, менің жан досым Жәңгір келіпті ғой, кел қасымызға қосыл, деп масайған түрмен.

Жәңгір: Ай досымай қалай, қалай ғана осылай өзгеріп кеттің. Мен сенен мұндайды күтпедім. Таста мұның бәрін, бұл жақсы зат емес екенін біліпте тұрсыңғой,дедім.

Бекайдар: білесіңбе Жәңгір бұл зат мені қатты бақытты етеді, мен осымен ғана өзімді жақсы сезінемін, сен түсінбейсің бұл зат тіпті мені көп қаражатқа байытады. Жұмыс жасамасамда болады, ал сер бізге қосылмасаң лекцияңмен менің басымды ауыртпа. Бұл жерден тайып тұр, деді.

Құдайым ау, Бекайдар өмірдегі ең жақын сырласым еді. Өз досыңды нашаның шырмауығында көру қандай қиын еді деп үнсіз тынып қана үйге кеттім.

Ойымнан Бекайдардың әр бір сөздері есімнен кетпей жатыр. Не болсада бұны шешпей қоймаймын деп есірткі туралы ғаламтордан зерттей бастадым, өкінішке орай бұл затпен 1рет қолданған адам, екіншірет одан айырыла алмай тәуелденіп қалып түбі өлімге апарады екен. Және онымен қоймай жасөспірімдер арасында да заңмен қудалануы мүмкін яғни заңсыз. Мен бұл тығырықтан шығу жолдарын іздеп отырып ұйқыға батып кеттім.

Таң атты, ауа райы дәл менің көңіл күнімдей күңіреніп тұр. Түнімен ойға батқан мен Бекайдардың үйіне баруды ұйғардым.

Барсам аулада оның анасы жүр екен, онымен амандасып, Бекайдар туралы сұрай бастадым. Анасы: Бекайдар дейсің бе?, ол түндізде күндізде үйде болмайды, сабаққа керек, кітап сатып аламын деп қомақты ақша алып кетеді, кей кезде ұрлапта кететін кездері де бар. Қайдам балам кітап оқып жүр деп ойламаймын, оқыған кітаптары көрінбейді. Мен оны қатты алаңдаймын.

Осы жауаптан Бекайдардың нашаға ақша ұрлап, сұрап кететінін байқадым. Оның анасына баласының нашақор екенін айтсамба, айтпасамба деп айтпауды жөн көрдім. Себебі анасының жағдай жақсы деуге келмейтін, үйінде жалғыз басты тек Бекайдар баласы бар, қалған балалары шет ел және басқа қалаларға оқуға, жұмыс жасауға кеткен еді.

Жәңгір: Апа уайымдамаңыз балаңыз мүмкін онлайн кітаптар алып жүрген шығар. Деп жылы жауып қоя салдым.

Бекайдарды іздеп бүкіл жерді қарадым. Бұл жолы оны нашақор ретінде емес наша таратушы ретінде көрдім. Таңқалмадым. Оның қасына баруға аяғым тартпады. Бір сәтте бізден 2-3жас үлкен ер азамат келіп досымның қолынан есірткі алып жатқанда, бір нарсеге келісе алмай қалудың кесірінен ол адам менің досымды тепкілеп ұрып жатты. Және арам жолмен тапқан ақшаларының барлыңын ұрлап кетті. Мен жүгіріп бардым.


Жәңгір: Досым тұршы, тірімісің ,тұр тасташы мынаның бәрін, келіп кетері не пайдасыз нәрсеге өміріңді құртпа, дедім мен.

Бекайдардың мұрны қанаған , көзі көгерген үсті шақ қалтасы ақтарылған күйде жатты.

Бекайдар: Жәңгір неге менің артымнан қалмайсың, мені аңдып жүрсіңбе, жоғал, деді ашулы түрмен.

Жәңгір: досым сені түсінемін, бірақ бұл нашақорлық деген заттың жаман екенін білесіңғой. Өзіңді ойламасаңда анаңды ойла дедім мен.
Бекайдар:Мен бұны тоқтатқымақ келеді бірақ бізде ақша жоқ, не жерге дені дұрыс ас жоқ, мінерге көлік жоқ, тұрарға үй жоқ. Түсінесіңбе сен соны. Еріккеннен осылай жүрген жоқпын. Деді жыланқы түрмен.

Жәңгір: досым-ау саған бар байлық не үшін, анаң жаныңда болмаса бауырың жаныңда болмаса. Бауырларың анаң барда 1теңгеде керек емес. Жететінін көрсетеді әлі ақ өмірің. Өз өміріңді өліммен өмірдің арасына салып қажеті жоқ. Анаң сені күнде ойлайды, ал сен міне істеген тірлігің, анаң сені нашақор болсын деп емес, еліне елеулі қызмет етсін, абыройлы болсын деді, сол үшін бәрі өз қолыңда, дедім мен.

Бекайдар: Мен бір нәрсені түсінгендеймін, саған рахмет. Маған екінші таңдау берсе бұл күлді қайта баспас едім.

Жәңгір: Досым болды өміріңді қайта емес жаңа парақтардан баста,деп досымды әрі қарай алып кеттім.

Мен досымның жақсы жолға түскеніне қатты қуаныштымын. Мінекей нашақорлық ол абыройсыздықтың, құмарлықтың, ұрлықтықтың символдары.

Досым осы күннен соң қатты өзгерді менімен бірге көп жетістіктерге жетті. Біз балаларға арналған түрлі үйірмелер, бос уақытты тиімді өткізетін жердер және нашақорлықты егжей- тегжейлі түсіндіріп отыратын жобалар құрдық.
Мен 21 ғасырдың қарапайымы адамы болғаныммен ерлік танытып досымды құтқардым бұл батырлыққа бір қадам деугеде болады деп санаймын.

Наша – бір сәттік ләззат, бірақ өмірлік өкініштің есігі.

Деген сөзге сүйеніп болашаққа нық сеніммен, берік қайсармен, күшті мақсатпен үлгі боларлықтай болуымыз керек. Нашақорлықты түбімен жоюдың бірден бір жолы бірлікте, жастар біз әлемдегі барлық нашақорлықтың көзін құртамыз деген ұранмен елеміздің байрағын асқақтатамыз.



Аяжан СЕРІКБАЕВА,
131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінің 9 "А" сынып оқушысы
Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ 
15 қаңтар 2025 ж. 91 0