Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№1 газет

07 қаңтар 2025 ж.

№103 газет

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 газет

28 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » 2025 жылы декларацияны кімдер тапсырады?

2025 жылы декларацияны кімдер тапсырады?

Елімізде 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың төртінші кезеңі басталды. Бастапқы жоспар бойынша бұл кезеңде барлық ересек азаматтар, оның ішінде студенттер мен зейнеткерлер де декларация тапсыруы тиіс болатын. Алайда, Мемлекет басшысының жалпыға бірдей декларациялау тәсілдерін қайта қарау туралы тапсырмасына сәйкес, елден тыс жерлерде активтері бар адамдарды қоспағанда, азаматтардың осы санаты активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды ұсынудан босатылды. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Асқар Елеманов жалпыға бірдей декларацияға енгізілген өзгерістер туралы айтты.

– Өздеріңізге белгілі, Салық кодексінің 71 тарауында жалпыға бірдей декларациялауды 4 кезеңге бөліп табыс ету міндеттілігі көзделген.
Жеке тұлғалардың жалпыға бірдей декларациялау мәселесі бойынша заңнамаға енгізілетін өзгерістерге сәйкес, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) шетелде мүлкі бар ҚР азаматтары, ҚР резиденттері мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар тапсырады. Сонымен қатар, сайланбалы лауазымға, мемлекеттік лауазымға орналасуға және олармен теңестірілген кандидаттар, оған қоса банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болғысы келетін жеке тұлғалар да декларация ұсынады. Айта кету керек, жеке тұлғалардың жекелеген санаттары үшін міндетті декларациялау мен ерікті декларациялау құқығы сақталатын болады,- деді Асқар Сейдекәрімұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
10 қаңтар 2025 ж. 45 0