Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлігін 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл қалай салынады?

Көлігін 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл қалай салынады?

Сенат кулуарында депутат Марат Қожаев халық арасында қызу талқыланып жатқан тәртіпке қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ІІМ баспасөз қызметінің бізге берген жауабына сәйкес, тұрғын аудандарда қозғалтқышы 5 минуттан астам жұмыс істеп тұрған көліктерді қоюға тыйым салынады. Ереже бұзғандарға 5 АЕК (19 660 теңге), ал қайталап бұзғаны үшін 10 АЕК (39 320 теңге) айыппұл салынады.

Сенатор бұл норманың жаңа емесін және ұзақ уақыттан бері қолданыста жүргенін айтады.

Мәселе мынада ғой, мұның бәрі экологиялық нормаларды сақтау үшін жасалған… Біздің үлкен қалаларымыздың ауасы қатты ластанған. Осыған байланысты бұл шара қолға алынып отыр. Иә, әрине, осы бап бойынша жауапкершілікке тарту үшін нақты процессуалдық дәлелдер қажет. Бұл жағдайда, бәлкім, бейнетүсірілім, уақытты тіркеу және тағы басқа әдістер қолданылады. Егер мұндай жағдай тіркелсе, онда бұл адамдар әкімшілік тәртіппен жазаланады, - деді Марат Қожаев.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
09 қаңтар 2025 ж. 49 0