Жарқын болашаққа нық қадам

Еліміздің егемендігін сақтау және оны одан әрі дамыту – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Президенттің экономиканы әртараптандыруға және ұлттық мүдделерді қорғауға негізделген жоспарлары – бұл тәуелсіздікті бекіте түсудің маңызды кепілі. Бұл бағытта ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, IT, білім беру және ғылым салаларында серпінді жобаларды іске асыру – мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі тетіктері болмақ.
Ардагер ретінде мен жаңа реформаларды қолдай отырып, жастарды осы ұлы істің бір бөлшегі болуға шақырамын. Өйткені болашақ ұрпақ – біздің елдігіміздің тірегі. Егемендікті нығайту – бұл тек саяси немесе экономикалық мәселе емес, бұл рухани және ұлттық бірліктің бастауы. Президенттің бұл бастамалары Қазақстанның жарқын болашағын қамтамасыз етіп, ұрпаққа тұрақты, гүлденген ел қалдыруға негіз боларына сенемін.
Ұлмекен ЖАНӘЛИЕВА,
аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы