Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлу жылы еліміз үшін айтулы жыл болды

Ұлу жылы еліміз үшін айтулы жыл болды

2024 жылы, яғни «Ұлу» жылы еліміз үшін айтулы жыл болды. Еліміздің түпкір-түпкірінде санқырлы жұмыстар жүргізілді. Оны күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарынан танып-біліп отырдық. Президент Қ.Тоқаевтың Жаңа жылдық құттықтауында өткен жылда саяси реформалардың жүргізілгендігі, өндірісті дамытудағы жұмыстар мен мыңдаған шақырымды құрайтын жол құрылыстарының жүргізілуі туралы атап өтті.

Соның ішінде ерекше айтқым келгені жол мәселесі. «12 мың шақырым автокөлік жолы салынып жатыр. «Талдықорған – Өскемен», «Қарағанды – Алматы», «Ақтөбе – Атырау – Астрахан» жолдарының халықаралық талаптарға сай жаңғыртылуы еліміздің өңіраралық байланысы мен транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттыра түседі. Еліміз жол инфрақұрылымына халықаралық даму институттарынан мол қаржы тартып отыр. Атап айтқанда, Дүниежүзілік банк Көлік жолдарының орнықтылығы мен байланысын жетілдіру бағдарламасы (TRACE) аясында атқарылатын қазақстандық жобаға 650 млн доллар бөлу жөнінде шешім қабылдады. Бұл қаржы Орта дәліздің әлеуетін арттыруға, соның ішінде «Жезқазған – Қарағанды» автомагистралін күрделі жөндеуден өткізуге жұмсалады. Сондай-ақ Азия даму банкі «Қызылорда – Жезқазған» жолының құрылысын жүргізуге 300 млн доллардан аса қаражат бөлді» - делінген мақалада. Бұл керемет көрсеткіш. Талай жыл тұралап қалған жол құрылыстары жанданып, күрделі жөндеулерден өтіп, талапқа сай жұмыстар жүргізілген.

Біздің Сыр елінде де толағайым табыстар бұл салада да болды. Оның ішінде Сырдария ауданында Биыл жол саласына 1,4 млрд. теңге қаржы бөлініп, Тереңөзек кенті және Бесарық, Қоғалыкөл, Ақжарма, Қалжан ахун, С.Сейфуллин елді мекендерінде 25 көше күрделі жөндеуден өтті.

Барлығы 20 шақырым жол жөнделді. Оның ішінде, аудандық бюджеттен бөлінген 247 млн. теңгеге Тереңөзек кентіндегі 7 көшеге (3,6 км) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Осы жұмыстардың нәтижесінде аудан бойынша жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 99 пайызға жетті.

Бұл көрсеткіштің барлығы жалаң сөз емес. Нақты істің нәтижесі. Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп. Алдағы келе жатқан Жаңа жылға мол табыстар тілеймін.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
02 қаңтар 2025 ж. 41 0