Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№101 газет

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Хиджама – дәстүрлі емес медицина әдісі

Хиджама – дәстүрлі емес медицина әдісі

Қазір денсаулығына алаңдамайтын адам кем де кем. Бұған себеп күнделікті тіршілікте пайдаланатын заттардың дені химиялық қоспадан жасалатындықтан адам ағзасына кері әсер етсе, тұтынатын тағамның да сапасы күмән келтіреді. Одан бөлек ауырғанда ішетін дәрі түрлі химиялық заттан жасалғандықтан, ағза уланатыны сөзсіз. Сондықтан ағзаны тазалаудың небір әдіс-тәсіліне сүйенетін адамдар міндетті түрде көпшілік пайдаланатын қан алдыру немесе хиджама тәсіліне сүйенеді.

Хиджама – бұл көптеген елде танымал дәстүрлі емес медицина әдісі, оның ба­рысында аз мөлшерде қан шығарылады. Хиджама сүлік­термен емдеуге ұқсайды. Араб сө­зінен аударғанда хиджама «сору, тартып алу, сіңіру» деген мағынаны береді екен. Яғни артық қанды алу арқылы денені зиянды заттардан арылтады. Жалпы қан алдырудың пайдасы көне заманнан бар, мұны бүгінгі медицина да дәлелдеген. Сондықтан соңғы кезде әсіресе, үлкен қалаларда хиджама жасайтын орталықтар көбейді. Мамандардың сөзінше, хиджаманың пайдасы буын аурулары, сары су жиналуы, нерв жүйесінің ауруы, арқа ауруы, мойын ауруы, қан қысымы (гипертензия), қан қоюлығы, аяқтың қақсауы, бедеулік, геморрой, прос­татит, өкпе аурулары мен жөтел, асқазан ауруы, бүйрек ауруы, жыныс аурулары, депрессия, жүрек аурулары, диабет, бауыр аурулары, варикоз тамырлары, тері аурулары сынды ауруларға ем болады дейді. Бұл жайында ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисте былай деген: «Үш түрде ем бар: бал ішуде, қан алуда және отпен күйдіруде. Ең жақсы ем жолы ол – қан алу. Ибн Аббас риуаят етеді: «Пайғамбар с.ғ.с. қан алдырып тұратын әрі қан алған адамға ақысын өтеп беретін», – деп жазады.

Хиджама исламда ғана емес, ежелден келе жатқан Шығыс медицинасындағы маңызды ем-дом саналады. Хиджаманың пайдасын әлем жұртшылығы ұғынып келеді. Бір айта кететіні, хиджаманы оқыған, кәсіби дәрігер жасауы керек.

Негізінен қарапайым адамның түсінігінде хиджама – денедегі жаман қаннан кұтылудың бірден бір жолы. Ал сол жаман қан дегеніміз не? Дәрігерлердің айтуынша қан әрдайым қозғалыста болу қажет. Көп жағдайда адам ағзасындағы қан толық қозғалыста болмайды, яғни тамырлармен, артериялар бойымен барлық қанның тек жартысы ғана қозғалып жатады. Қанның қалған бөлігі «резервте» сақталып тұрады, қан кету, гипоксия, интенсифті жұмыс және т.б. жедел жағдайда жұмсалады. Қозғалыссыз тұрған қан ескіре бас­тайды. Өз қасиетін жоғалтып, ағзаға түскен зиянды нәрсені жинайды. Осындай тұрып қалған қанның кесірінен әрбір мүше өзінің жұмысын толықтай атқара алмайды. Хиджама жасату арқылы жаман қан сыртқа шығады. Дегенмен қанды сорып алуға болмайтын жағдайлар да жоқ емес. Мәселен, қанның дұрыс ұйымауы, қан обыры, тромбоцитопения, лейкоз, анемия, онкологиялық ауруларда хиджама қолданылмайды.

Сүлік – табиғи емші

Медицина саласында кейбір ауру түрін сүлік салу арқылы емдейді. Бұл әдісті бделлотерапия дейді. Яғни сүліктің 15-ке жуық түрі емге пайдаланылады. Медициналық сүлікті әсіресе, гипертония, склероч, инсульт, көз, тері ауруларын емдеуге қолданады. Тұщы суда тіршілік ететін сүлік түрін медицинада қолданады. Сүліктің ұзындығы 8-12 сантиметр­ге дейін барады. Денсаулыққа пайдалы ме­ди­циналық сү­ліктің сілекейінде гирудин және гиалуронидаза деген заттар бар. Гирудин қанның ұюына кедергі келтіреді, гиа­луронидаза дене тал­шықтарында зат алмасу про­цесіне әсер етеді. Осы гирудиннен дәрі-дәрмектер жасалады.

Сүліктер тұщы суда тіршілік ететін иірілмелі құрттар. Жер шарында сүліктің 400-ге жуық түрі бар. Ал емдік мақсатта тек бір түрі – медициналық сүлік қана қолданылады.

Халық емшілері пайдаланатын сүліктің түсі жасылдау болып келеді, арқасында ұзына бойы қызғылт-сары сызықтары бар. Бұл оны басқа сүліктерден ажыратуға мүмкіндік береді. Медицина ғылымында денеге сүлік салып емдеудің түрі «гирудотерапия» деп аталады. Мұндағы «gerudіs» сөзі қазақша «сүлік» деген ұғымды білдіреді. Ежелгі медицина классиктері Гален, Ибн Сина бас сақинасы, жүрек сырқаттары, жоғары қан қысымы кезінде қан алдыру туралы айтқан. Гирудотерапия кардиологияда, офтальмологияда, дерматологияда, хирургияда, гинекологияда, урологияда, неврологияда тамаша нәтижелер беретін көрінеді. Тағы бір қызықты жайт – сүлік өте сезімтал жәндік. Ол кіршіксіз тазалықты, тыныштықты ұнатады. Қанмен қоректенеді. Қатты дауысты, иіссу тәрізді өткір иісті ұнатпайды. Сондықтан да оны осы «мінезіне» қарап, кірпияз деуге болады. Ол науқастың көңіл-қошының жоқ екенін сезінсе, жоламайды. Аш сүлік емге жақсы. Сүлік сондай-ақ адам бойындағы сары суды сорады, тұзды да алады. Ол бір сағаттың шамасында адамнан 15 милилитрдей қан сорып алады. Сүлік салған адам үш күн диета ұстау керек. Мүмкіндігінше сүт өнімдерінен бойын аулақ ұстап, жеміс-жидек, көкөністер (қызылша, сәбіз, құлпынай т.б.) пайдаланғаны абзал.


Дәрігерлердің айтуынша, жоғары қан қысымы, стенокардия, миокард инфаркт, инсульт, тромбофелит, қан тамырларының кеңеюі, трофикалық ойық жара, бронх демікпесі, глаукома, бас сақинасы, неврит, гипертензивті синдром, холецисит, панкреатит, гепатит, колит, простатит, белсіздік, бедеулік пен инсульттің алдын алу, қанды уыттар мен қалдықтардан тазарту, ағзаны жасарту үшін сүлікті қолдануға болады. Тіпті соңғы кездері адамдар сүліктің көмегімен арықтап, адам жасын жасартатын «сиқырлы емші» ретінде де пайдалануда.
Ескеретін жайт сүлікті қажет деген жерге тек арнайы маман ғана салады. Бұл жәндіктің емдік қасиетінің сыры адамның артық арам қанын сорып алып, қан айналысын жақсартатын артықшылығына қоса, тағы бір кереметтілігі оның биологиялық бел­сенді заттарға бай, түрлі ферменттерден тұратын сілекейінде.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
Фото: ашық дереккөзден
24 желтоқсан 2024 ж. 68 0